Каталина бұғазын алғаш рет жүзіп өткен қазақстандық әйел

Қазақстанның темір ханшайымы атанған Әнел Сытдықова АҚШ-та Каталина бұғазын жүзіп өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облысында туып-өскен Әнел Әлібекқызы Лос-Анджелесте әлемдегі ең ұзақ марафондық қашықтықтардың бірі –Каталина бұғазын (34 шақырымға жуық, Catalina Channel Swimming) тоқтамастан 18 сағат 19 минутта жүзіп өтті.

Бұл марафондық жүзу 4 тамыз күні сағат 23.00-басталып, Әнел мәреге келесі күні жетті.

Бұл аралықты америкалық Ла-Манш деп те атайды. Мұндағы қиындық, Ла-Манштағыдай, судың салқындығы және ағыстың күрделі екендігі. Толқынға қарсы жүзу оңай емес. Сонымен қатар жүзу барысында адам киттермен, дельфиндермен, тіпті акуламен кездесіп қалуы да мүмкін.

Осы қиындықтардың бәрінен қорықпай, Каталина бұғазын кесіп өткен Ә.Сытдықова қазақстандық тұңғыш жүзуші атанды.

Әнелдің сөзіне қарағанда, жүзу кезінде онымен Bottom Scratcher қайығында 13 адамнан тұратын топ бірге жүрді. Екі тәуелсіз бақылаушы суда жүзудің барлық мәліметтерін жазып, ережелердің сақталуын қадағалап отырды. Қайыққа қол тигізуге болмайды және су костюмін пайдалануға тыйым салынған. Екі төреші үш сағат сайын ауысады. Қайықтағы үш экипаж мүшесі де жүзушіні бақылайды. Қалғандары – қайық капитаны мен оның көмекшілері.

Бұған дейін Әнел Сытдықова 2019 жылы Ла-Манш бұғазын (38 шақырым) 15 сағат 15 минутта және биыл Манхеттендегі 20 көпірді айналып, 48 шақырым қашықтықты жүзіп өткен еді.

Әлемдегі ең беделді осы үш марафонды бағындырған спортшыларға «Үш тәждің ханшайымы» атағы беріліп, «Үштік тәж» (Triple Crown) клубының мүшелігіне қабылданады. Әнел де клубқа кірді. Өткен жылдың желтоқсанында бұл клубқа мүше болғандар саны 265 адам еді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық әйелдің АҚШ-та 48 шақырым қашықтықты жүзіп өткенін жазған болатынбыз.


Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago