Казиноға барған 88 полицей жазаланды

Ішкі істер министрлігі аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

Қазан айында прокурорлық тексеруден кейін казиноға барғаны анықталған 305 мемлекеттік қызметкердің 88-і Ішкі істер министрлігінің қызметкері болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аталған жайтқа қатысты ведомство басшылығы түсініктеме беріп, прокуратура хабарламасынан кейін  тексеріс жүргізіліп, 17 қызметкер жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.

Құмар ойындарға қатысу фактілері анықталған қызметкерлерге қатысты «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тәртіптік шаралар қолданылды. 17 қызметкер жұмысынан босатылды,

делінген ІІМ баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ барлық бөлімше басшыларымен және жеке құраммен заң талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

Бұл талаптар қызметкерлерге де, мемлекеттік қызметкерлерге де ұсынылады,

делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов казинода ойнаған әсери қызметшілерге қатысты қызметтік тергеуді басталғанын мәлімдеп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де өз қызметкерлеріне қатысты жағдайға түсініктеме берген болатын.

Бұған дейін Алматы облыстық прокуратура бірнеше облыстан келген түрлі мемлекеттік органдардың 305 қызметкерінің құмар ойындарға 507 миллион теңге жұмсағанын хабарлаған еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago