Қоғам

Казиноға барғандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін

Казиноға барған Қырғызстан азаматтарын бес жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр.

Бұл туралы парламенттің бюджет, экономикалық және фискалдық саясат комитетінің отырысында депутат Марлен Маматалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Оның айтуынша, жақын арада тиісті заң жобасы Жогорку Кенешке жіберіледі.

Казино, букмекерлік кеңселер енді бір жерде жұмыс істейтін болады. Бұл мекемеге Қырғызстан азаматы барса, лицензиясынан айырылады.

Екіншіден, сарапшылар тобында азаматтарға айыппұл салып қана қоймай, екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру керек деген ұсыныс айтылды.

Бұл жағдайда Қырғыз Республикасының бір де бір азаматы казиноға бармайды деп ойлаймын,

деді депутат.

Естеріңізге сала кетейік, «Қырғыз Республикасындағы ойын қызметі туралы» заңға сәйкес 21 жасқа толмаған Қырғызстан азаматтары, шетелдіктер немесе мүмкіндігі шектеулі азаматтар ойын мекемесінің клиенті бола алмайды.

Біздің елге де осындай заң керек-ау.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago