Қоғам

Кедей қазақ ақылы жолдың қоршауын ұрлауда

Жол белгісінен қыста қар күрейтін күрек жасауға болады!

Тас жолға іргелес орналасқан ауыл тұрғындары шамамен 20 млн теңгенің жол белгісін ұрлапты, деп жазады kolesa.kz.

2023 жылдың басынан еліміздің трассаларынан мыналар ұрланған:

  • 100 жол белгісі;
  • шамамен 100 стробоскоп;
  • малдан қорғайтын 7 мың метр тор қоршау;
  • қар бөгейтін 10 аралық темірбетон дуал;
  • 100 метрдей қар бөгейтін уақытша ағаш қалқан;
  • 300 қисық сызықты білеу консолі;
  • 2 жарық беру желісінің трансформаторы.

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы ұрлау фактісі бойынша Ақмола облысы көш бастап тұрғанын хабарлады. Одан кейін Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Жолшылардың сөзінше көбіне іргелес ауыл тұрғындары ұрлыққа түседі. Оңай тапқан олжасын олар тұрмыстық мақсатта қолданады екен. Төртбұрышты жол белгілерінен күрек, ал домалағынан қазан мен кәстрөлге қақпақ жасайды-мыс. Жарықдиодты катафотты велосипедке бекітіп, бөгеуіш торды үйді қоршауға пайдаланады.

Қазавтожол өкілдері тас жолды күнде күзетіп, жергілікті халыққа түсіндірсе де, қылмыс азаймай тұр. Жыл басынан республикалық маңызы бар тас жолдардан жалпы құны 20 млн теңге (2021 жылы — 60 млн теңге) болатын жол инфрақұрылымының элементтері қолды болыпты.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago