Фото: Максим Морозов
Антикор ҚТЖ жұмысындағы көптеген жемқорлық қаупін анықтады.
«Қазақстан темір жолы», «Атамекен» ҰКП өкілдерінің, қоғамдық кеңес мүшелерінің және жүк жөнелтушілердің қатысуымен өткен кеңесте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚТЖ қызметінде анықталған жемқорлық қауіптері туралы айтты.
Олар вагондарды беру кезіндегі әкімшілік кедергілерге және жемқорлық схемаларына, тиісті цифрландырудың болмауына, теміржолшылардың кәсіпкерлермен тікелей байланысына, қағаз түрінде өтінім беруге және тағы басқасына қатысты қауіптер бар екенін айтты.
Жемқорлық қауіптерін қылмыс статистикасы да растайды.
Мәселен, кейінгі 5 жылда ҚТЖ лауазымды тұлғалары мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты 136 қылмыстық іс тіркелген. Олар бойынша 52 адам сотталды. Бұл саладағы қылмыстардың көпшілігі парақорлық (70%) және ұрлық (13%) фактілеріне байланысты,
деп айтылды кеңесте.
Негізінен қылмыс көбіне орындалған жұмыстар актісіне қол қою кезінде заңсыз сыйақы алу, жұмысқа қабылдау және қызмет бойынша ауысу, жүк тасымалдау үшін вагондар мен тепловоздарды жеделдетіп және кедергісіз беру кезінде болады.
Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов ҚТЖ жекелеген бөлімшелерінде вагондарға қатысты айла-шарғы жасау бойынша жемқорлық схемалары құрылғанын айтып өтті. Жасанды кедергілер мен оларды бөлудің жасырын процедурасына байланысты кәсіпкерлер өз мәселелерін ақша үшін бейресми түрде шешуге мәжбүр.
Іс жүзінде пара берген адам өз жүгін уақтылы жібереді. Бұл проблемалардың бәрін кәсіпкерлер дәлелі ғана емес, қылмыстық істердің нақты материалдары да растайды. Жақында ғана Қостанай облысы бойынша ҚТЖ бөлімшесінің басшылары сотталды, олар заңсыз сыйақы алу үшін вагондар беру жөніндегі қылмыстық схеманы ұйымдастырған,
деді Дмитрий Малахов.
Дмитрий Малаховтың айтуынша, «Қазтеміртранс» Қостанай филиалының бұрынғы басшысы Усабековке қатысты қылмыстық іс бойынша оған вагондарды беру немесе бас тарту мәселесін өз бетінше шешуге мүмкіндік берген жасырын процестер анықталған.
Усабеков лоббизм жасаған кәсіпкерлер тәулік бойы өз вагондарын тапшылық кезеңінде де алды, ал басқалары өз кезегін бірнеше апта күтуге мәжбүр болды. Б.Усабеков жасаған қылмысы үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, ал пара беруші фирмаға 24 млн теңге көлемінде айыппұл салынды,
дейді Антикор өкілі.
Кеңес қорытындысы бойынша Дмитрий Малахов айтылған ұсыныстар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қатаң бақылауында болатынын айтып өтіп, ҚТЖ-ны осы мәселелерді дереу шешуге шақырды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…