Categories: Саясат

«Ресейдің келесі проблемасы — Қазақстан»: Қошанов пікір білдірді

Ресейдің «Россия-1» телеарнасының «Вечер с Владимиром Соловьёвым» ток-шоуында сарапшылардың бірі Ресейдің Украинадан кейінгі келесі проблемасы Қазақстан екенін айтты.

«Мына нәрсеге назар аударайықшы, Ресейдің Украинадан кейінгі проблемасы — Қазақстан. Өйткені Украинадағыдай нацистік процестер де сол жерде басталуы мүмкін», — дейді бағдарлама қонақтарының бірі. 

Журналист әрі бағдарлама жүргізушісі Владимир Соловьев екі ел арасындағы шекара да ұзын екенін еске салды. 

Ол жерде орыстар көп. РосАтом үшін қажет ядролық отын да сол жерде,

— дейді бағдарлама қонағы.

Бұл мәлімдеме Қазақстан жұртшылығының наразылығын тудырды. Айта кету керек, бұл ресейлік сарапшылардың Қазақстанға қарата айтылған тұңғыш мәлімдемесі емес.

Бүгін осыған байланысты Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко пікір білдірді. Айтуынша, біздің елде ешқандай нацистік рең жоқ, болған да емес.

Біріншіден, біз бұл Ресей Федерациясының ресми ұстанымы деп санамаймыз. Екіншіден, Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі тығыз қарым-қатынастарға нұқсан келтіріліп отыр. Үшіншіден, федералды арналардың бірінде осындай позициялар жарияланғандықтан Ресей Федерациясының билігі тиісті реакция береді»,

деді Василенко Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Сондай-ақ, мәжілістің кулуарында Ерлан Қошановқа «Қазақстанда Ресей билігіне қарсы пікір білдірген адамдар жауапқа тартылады. Алайда ресейліктер бізге қатысты ойына не келсе, соны айта береді? Неге олар жауапқа тартылмайды? Біз Ресей тәуелдіміз бе? Одан қорқамыз ба?» деген сұрақ қойылды,.

Біз Ресейге тәуелді емеспіз. Ресейден қорықпаймыз. Біз терезесі тең, егеменді мемлекетпіз. Біріншіден, барлық мәселе заң аясында жүргізіледі. Екіншіден, Қазақстанға қарсы сөз айтқан Ресей азаматы немесе басқа ел азаматтарының пікіріне қатысты Президенттен бастап, депутаттар, Сыртқы істер министрлігі өз жауабын беріп жүр. Оны сіздер естідіңіздер,

деді мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, телеарналардан айтылып жүрген, кейбір журналистердің айтып жүргені пікірлері Ресейдің ресми ұстанымы мен ресми мәлімдемесі емес.

«Бұл – жекелеген азаматтарының жауапкершілігі және пікірі. Оларға жауапты Президент те, Сыртқы істер министрлігі де, депутаттар да беріп жүр. Егер ол жерде біздің тарапымызға деген заң бұзу  болса, онда біздің Бас прокуратура арқылы Ресейдің бас прокуратурасына талаптар жолданады», — деді Ерлан Қошанов.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago