Фото: ашық дереккөзден
Педагогтерге деген сұраныс жылдан жылға артып келе жатыр.
Бұл туралы үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше 2023 жылы мұғалімдерге деген қажеттілік — 3 мыңнан астам адам. Министрлік осы кадр тапшылығы мәселесін жан-жақты зерделеді.
Біздің алдағы 4 жылда бітіріп шығатын түлектермен педагогтерге деген сұранысты қамтамасыз етеміз деген болжам бар. Тек келесі жылы ғана педагог тапшылығы туындауы мүмкін. Бірақ біз оны биылғы жылғы бітіруші түлектердің және магистратура түлектерінің есебінен қамтамасыз етеміз. Осылайша біз педагогикалық кадрлардың қажеттілігін толығымен жабатын боламыз,
дейді Саясат Нұрбек.
Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау аясында педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың стандарты және педагогикалық білімді модернизациялаудың тұжырымдамасы бекітілді.
Жоғары оқу орны оқытушысының стандарты қабылданды. Қазіргі сәтте «Жайлы мектеп» жобасы бойынша педагогтарды даярлау жұмыстары жүргізілуде.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…