Атақ және ақша

Кеше бай жігітке күйеуге шығып, бүгін экспертке айналған қыз сынға қалды

Танымал мобилограф Қыран Талапбектің екінші әйелі Гүлзада Тұрлаш “Бақытты әйелмін” атты курс сатып жатыр. Блогер қыз-келіншектерге күйеуінен қымбат сыйлық алудың жолдарын үйретіп, өмірлік ақыл-кеңестерімен бөліспек, деп жазды Stan.kz парақшасы.

Тұрмысқа шыққанына екі айдан енді асқан Гүлзада Тұрлаш қыз-келіншектерге арнап ақылы авторлық курс өткізбек. Гүлзада Тұрлаш әлеуемттік желідегі парақшасында авторлық курсы туралы шағын ақпарат берді.

“Бақытты әйелмін” деп аталатын авторлық курсым 35 сабақтан және бірнеше модульден тұрады. Мұнда әйелдер қауымына пайлады тақырыптарды талқылаймыз. Мен сіздерге өзіңізді бағалауды, ер адамдармен қалай қарым-қатынас құруды және қалаған дүниеңізі күйеуіңізден сыйлыққа алуды үйретемін.

Желіде Қыран Талапбек сыйға тартқан қымбат көлікті көрсеткен ол өзін қарым-қатынас экспертімін деп таныстырды.

Мына көлікті маған күйеуім үйленгеннен кейін бір айдан соң сыйға тартты. Ер азаматыңыздан әлемдегі ең керемет сыйлықтарды алғың келсе “Бақытты әйелмін” авторлық курсыма шақырамын. Бірге бақытты болайық,

деп видео жариялады блогер.

Алайда енді ғана тұрмысқа шығып, бақытты болуға, күйеуінің ақшасын жұмасаудың жолын үйретемін деген Гүлзада Тұрлашты көпшілік сынап тастады. Олардың қатарында отандық журналистер мен тележүргізушілер де бар.

Гүлзада Тұрлаштың бұл ісіне қапалы екенін жеткізген Айгүл Мүкей желіде жазба жариялады.

Қыран Талапбекті құрметтеймін. Өте талантты жігіт. Мүмкін, әйелі де жақсы шығар… Бірақ бітпейтін курсты осылайша жарнамалағаны қапаландырады. Бұл дұрыс нәрсе емес. “Басқа нәрсе айтқысы келді” деп жазбай-ақ қойыңыздар. Мен есту керек сөздерді естідім. Жастар, қыздар, ақша тапқыларыңыз келетінін түсінемін. Бірақ күйеуіңнің ақшасын жұмсауды үйрету… күлкілі емес, ақылды адамның ісі дей алмаймын, сүйсінерлік іс емес,

деп жазды Айгүл Мүкей.

Сөз жоқ, қандай экспертпін дейді және неге? Жарайсың!

деп пікір қалдырды Мәдина Балғабаева мен Дана Нұржігіт.

Кеше ғана тұрмыс құрған жас блогердің ақыл үйрететін білгенде желі қолданушылары ашуға мінді.

  • Сен әлі бақыттың қадіріне жеткен жоқсың,
  • Кеше байға тиіп, бүгін эксперт пе?
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago