Руханият

Киіктер Леонардо Ди Каприоға ғана керек сияқты

Америкалық актер Леонардо Ди Каприо Instagram желісіндегі парақшасында жойылып бара жатқан киіктерді сақтауда табысты еңбегі үшін Қазақстан үкіметін құттықтады.

2002 жылы әлемде бұл сүтқоректілерге жойылып кету қаупі төнген еді. 2005 жылы Қазақстанда олардың саны небәрі 48 мың болса, қазір олардың саны 1,9 миллионға дейін өсті.

Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Браконьерлермен күресуде, қорғалатын жаңа табиғи аумақтарды құрудағы еңбегі мен құқық қорғау органдарына үлкен күш жұмсағаны үшін Қазақстан үкіметін құттықтаймын. Бұл Қазақстаның табиғатты қорғау ұйымдарымен, университеттермен және ғалымдармен ынтымақтастық жасап, бірлескен күш-жігеріне негізделген табиғатты қорғау саласындағы табыстың жарқын мысалы,

деп жазды актер.

Леонардо Ди Каприо жылдар бойы қоршаған ортаға жанашырлар қатарында. Әсіресе, жойылып бара жатқан жануарларды қорғауда өз үлесін қосып келеді. Оның “Ди Каприо» қоры әлемнің 40 еліндегі ондаған экологиялық жобаларға 30 миллион доллардан астам қаржы бөлген.

Айта кету керек, Қазақстан билігі биыл киіктерді атуға рұқсат берген болатын. Соңғы санақ бойынша еліміздегі ақбөкен саны 2 миллионға жетіп жығылған. Әсіресе батыс аймақтардағы шаруалардың егістігін отап, берекесін алғаннан кейін президент жауапты ведомстваға тиісті шешім шығаруды тапсырған-ды. Одан бері салаға жауапты министр екі рет ауысып үлгерді. Экология министрлігі шетелден ғалымдар алдырып, талқылаймыз дегенше, биыл облыс шаруаларына киіктен келген залал 8 миллиард теңгеге жуықтаған. Ақбөкендер 1 миллион 284 мың гектар жайылым-шабындықты таптап, 5 мың гектар егінді отап кетіпті. Қазір тиісті есеп-қисап Үкіметке жіберілген.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

7 часов ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

15 часов ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

15 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago