Киімге таласқан тұрғындар бірін-бірі таптауға шақ қалды

Шымкент тұрғындары спорт дүкені ұйымдастырған жеңілдік науқанында жаға ұстатар жағдайға тап болды. Дүкен алдында жиналған қауым бірін-бірі төпеп, анталай алдыңғы есікке ұмтылған.

Ұлттық ақпарат айдынында Шымкенттік тұтынушылардың әрекеті қызу талқыға түсіп жатыр. Тұрғындар спорт дүкені ұйымдастырған акциядан қалыс қалмауға тырысып, дүкен алдын азан-қазан қылды.

Нәтижесінде Шымкент қаласы, Тәуке хан көшесінің бойындағы спорт дүкені иесіне айыппұл салынды. Бұл жайлы полиция қызметкері Салтанат Қаракөзова хабарлады.

Осыған байланысты жергілікті тұрғындар көп жиналды. Нәтижесінде мекеме ашыларда  қысым болды. Зардап шеккендер жоқ. Бүгінгі таңда Еңбекші РУП полицейлері иесі, жергілікті тұрғынды анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады,

деді Қаракөзова.

Бұған қатысты қоғам белсенділері де пікір білдіріп жатыр. Желі қолданушысы Сәбит Рысбаев болған жайтқа қатысты былай деді:

Арзан, тегін десе, вагон кезеккке тұратын болдық қой. Шымкент қаласындағы киім дүкенінде кезекке тұрған халық дейді. Былай қарасаң бәрінің киімі бар. Жалаңаш ешкім жоқ. Біз шынымен ашпыз ба?..

Дүрбелеңге жол берген дүкен қожайыны шымкенттіктерден кешірім сұрады. Ол акция жайлы Instagram арқылы хабарландыру жасағандықтан дүкенге өте көп адам жиналып, қиындық туындағандықтан учаскелік полиция қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болғанын айтады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago