Қоғам

Әкімдік Алматыдағы проблемалы тұрғын үй кешендерін атады

Алматыда сатып алуға кеңес берілмейтін тұрғын үй кешендерінің тізімі жаңартылды. 

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы құжаттары толық емес тұрғын үй кешендерінің тізімін толықтырды.

«Бағанашыл» КЖК – Бостандық ауданы, Мамыр ауылы, 138/2, 138/3 учаскесі. Тапсырыс беруші – жеке тұлға. Сараптамалық қорытынды жоқ, құрылыс-монтаждау жұмыстарыныңң басталғаны туралы хабарлама жоқ. Бау-бақша өсіруге бағытталған. Бастапқы құжаттардың күшін жоюға талап арыз берілді.

Priority клуб үйі – Медеу ауданы, Жамақаев көшесі, 194. Тапсырыс беруші – жеке тұлға, электронды қол, сараптама жоқ, ҚМЖ басталғаны туралы хабарлама жоқ. 

Нұсқама бере отырып, ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі “Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектiлердi және олардың кешендерін жобалау құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау құжаттамасы бойынша салу” бойынша шаралар қабылданды. Нұсқаманы мәжбүрлеп орындауға сотқа талап қою басталады,

деп мәлімдеді Алматы әкімдігі.

Sofia Village таунхаус – Наурызбай ауданы, Қарағайлы шағын ауданы, Чапаево, 1115/1 учаскесі. Тапсырыс беруші – жеке тұлға, архитекторлы-жоспарлы тапсырмасы жоқ, электронды келісімі жоқ. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін беріледі. ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабының 1-бөлігі бойынша шаралар қабылданды және бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

«Питтсбург» ТК – Алатау ауданы, Дархан шағын ауданы, Сабатаев көшесі, 24. АПЗ жоқ, ЭҚ келісімі, сараптама және ҚМЖ туралы хабарлама жоқ. 

Sky Park ТК – Медеу ауданы, Тайманов көшесі, 151. Тапсырыс беруші — «Атриум Плюс» ЖШС. АПЗ, ЭҚ келісімі, сараптама, ҚМЖ туралы хабарлама жоқ.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago