Categories: Саясат

«Әкімдік құлақ аспады»: 20 жыл жөндемеген жолға саудагерлер бір-ақ күнде асфальт төседі

Орал қаласындағы Ахмирова көшесінің жолы «Саудагер» бастауыш партия ұйымы мүшелерінің күшімен жөнделді. Аманаттықтар шамамен 10 млн теңге қаражат жинап, мердігерлерді жалдады. Асфальт бар болғаны бір күн ішінде төселді.

Жолдың нашарлығын айтып жергілікті тұрғындар жылдар бойы мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырған еді.  Алайда олардың проблемасына тек «AMANAT» партиясы құлақ асты.

Осында тұрып жатқаныма 20 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт ішінде бірде-бір рет жол салынбады да, жөндеу де жүргізілмеді. Көктем мен күз маусымдарында балаларымыз да, көше тұрғындары да балшық кешіп жүреміз. Ал жазда шаң, есік-терезелерді ашу мүмкін емес. Бірнеше рет жергілікті атқарушы органдарға бардық, бірақ ешқандай өзгеріс болмады. «AMANAT» партиясына барғаннан кейін ғана мәселе шешімін тауып, жол салынды. Партияға рақмет!,

деді Орал тұрғыны Райса Бақтыгереева.

Тұрғындардың өтініші қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының депутаты Нұргүл Ашықоваға жетіп, ол бірден азаматтардың өзекті мәселесін шешуге атсалысқан.

Мәселені шешу үшін көше тұрғындарының өтінішін қала әкімдігіне депутаттық сауал ретінде жеткіздім. Дегенмен жергілікті атқарушы органдағылар аталмыш көшенің жоспарға енгізілмеген айтты. Сондықтан Ахмиров көшесінде тұратын партия мүшелері – кәсіпкерлер тобы бірігіп, өз қаражатымызға асфальт төсеттік. Бұл қаламыздың орталығы саналғанымен, соңғы 20 жылдан астам уақыттан бері ешқандай жөндеу көрмей, тоз-тозы шығып жатқан көшелердің бірі болатын. Осылайша, ауызбіршілігі жарасқан кәсіпкерлерден құралған «AMANAT» партиясының «Саудагер» бастауыш партия ұйымы мүшелері бірігіп, халық үшін игілікті іс жасады,

деді депутат.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

20 минут ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

28 минут ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

36 минут ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

23 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

1 день ago