Талдықорған әкімшілігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында мейрамхананың ашылуы туралы ақпарат жарияланған. Жеке қаражатқа салынған мейрамхананың ашылуына әкім Ернат Бәзілдің өзі қатысып, лентасын қиып берген.
Shafran мейрамханасы енді талдықорғандықтарға қолжетімді бағамен тағамдардың кең ассортиментін ұсынбақ. 250 орындық мейрамханада жазғы терраса, 3 VIP зал және балалар ойын бөлмесі бар,
делінген әкімдіктің хабарламасында.
Бұл дүйім жұрттың наразылығын тудырды. Журналист Сырым Итқұлов әкім арқылы жарнама жасауды неге бұрыннан білмей келгенбіз деп сұрақ қояды.
Міне, қараңдаршы, қандай тамаша. Қала мейрамханаларының бірін әкімнің өзі келіп ашып, лентасын қиып беріп жатыр. Ал әкімдіктің парақшасы мейрамхананы жарнамалап та беріп жатыр. Осылай жасауға болатынын бұрын неге білмей жүргенбіз?
Қалжыңсыз айтсақ, «Шафранның» ашылуында қаланың бүкіл әкімдігі жүр. Не үшін? Айналысатын басқа істері жоқ па? Неге дәл осы кафе осындай мәртебеге ие болып отыр? Қайырымдылықпен айналысып жатқан жоқ, қаланың өмірлік маңызды мәселелерін шешіп жатқан жоқ.
Әділ болуы үшін әкім талдықорғандықтар ашып жатқан басқа да ШОБ мекемелеріне барып қайтпай ма? Бұлай бөліп жарғаны қалай? Әкімнің аурухана немесе мектептердің ашылуына барғаны әлдеқайда жөн болар еді,
деп жазды Сырым Итқұлов парақшасында.
Талдықорғандықтармен қатар, қазақстандықтар да әкімнің бұл бассыздығын қатаң сөгіп жатыр. Бұлай жалғаса берсе әкім бір күні қаржы пирамидасын да жарнамалап отыруы ғажап емес дейді.
“Қаржы пирамидасын жарнамаламағанына шүкір”, “Бұған қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексеріс жүргізсін”, Барлық әкімдіктер мен әкімдер осылай істейді. Өздеріне жақын кәсіпкерлерді жарнамалайды, ашылу салтанатын өткізеді”, «Ресторан аз еді бізде. Бірі жабылады, бірі ашылады. Тым құрығанда сіріңкенің шиін шығаратын завод, нәски тігетін фабрика ашпай ма?»,
деп жазды желі қолданушылары.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…