«Әкімдік супермен емес» — Орал әкімінің орынбасары балалар алаңы туралы

Бірқатар жантүршігерлік оқиғадан кейін қала әкімдігіне жиналған журналистер балалар алаңы, оларды күтіп-баптау және жөндеуге бөлінген қаржы туралы әңгіме қозғады, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлқай қалада 500-ден астам аула болса, оның 410-ы абаттандырылғанын айтты.

Аула аумағы мүмкіндік берсе, онда спорт алаңдары мен тренажерлар орнатылған. Осындай 76 аула бар. Қалада спорт алаңдарының құрылысы 10 жылдан астам уақыт бұрын басталған. Оларды күтіп ұстауға және жөндеуге жыл сайын ақша бөлінеді. Негізі жөндеу жұмыстары қыстан кейін жылына бір рет жүргізіледі. Ақауы анықталып, орындалған жұмыс көлемі бекітіліп, бір ай ішінде жөнделеді. Енді спорт алаңдарын жыл бойы күтіп ұстау және жөндеу бойынша байқау жариялауды жоспарлап отырмыз,

деді Мирас Мулкай.

«Орал» спорт кешені директоры Есқабыл Жалмұрзиев биыл алаңдар күрделі жөндеуден өтіп жатқанын айтты. 5-шағын аудандағы әмбебап учаскеде, 6-шағын аудандағы жазғы учаскеде, Солтүстік-Шығыстағы және Деркуледегі жабындар ауыстырылды.

Қайғылы оқиғалардан кейін біз барлық учаскеге мониторинг жүргізіп, шаралар жоспарын жасап, 28 шілдеден бастап жұмыс істеп жатырмыз. Жарамсыз, адамды жарақаттауы мүмкін жабдыққа демонтаж жасаймыз. Қазірдің өзінде мұндай жабдықтың 90 проценті алынып тасталды. Күрделі жөндеумен қатар шағын жөндеу жұмыстарын да жасап жатырмыз. Менталитет деген сол, жөндей сала келесі күні бәрі бұзылады. Бұл — күнделікті жұмыс. Биыл жабындарды ауыстыруға 30 млн теңге бөлінді. Бұл төрт учаскеге ғана жетті,

деп түсіндірді Есқабыл Жалмұрзиев.

Мирас Мулкай кез келген оқиға әрекетке итермелейтінін және олар мұны мойындайтынын айтты. Оның айтуынша, жасөспірімнің саусақ бөлігін кесіп жіберген тренажерларға демонтаж жасалды.

Әкімдік супермен емес екенін айттық. Байқау өткізілгенде алаңдарды басқаруға жауапкершілік алатын адам аз қатысады. Бизнес мұны тиімді емес деп есептейді. Аула тұрғындары жөндеу және қызмет көрсетумен айналысқысы келмейді. Күш пен қаржы жетпейтін де шығар. Қаладағы 76 алаңның басын күндіз-түні қорып, жағдайды қадағалау мүмкін емес. Қазір техникалық қызмет көрсету және қызмет көрсету мәселесі қарастырылып жатыр және әр аулада күнделікті бақылау болуы керек,

деді Мирас Мулкей.

Мирас Мулкай сондай оқиғалардан кейін тауар өндірушілерге шағым мен кепілдік талапбын білдіретінін айтты.

Еске салайық, 27 шілдеде ойын алаңында ойнаған баланың екі саусағын кесіліп кеткен еді. Дәл сол күні футбол қақпасы 11 жасар Нұрамир Есеналиевтің үстіне құлады. Бала ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Кейін 13 жасар Диас Қайырғожин ойын алаңындағы тренажерда саусағының бөлігін кесіп алды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago