Үкіметте жаңа инвестициялық жобалар талқыланды

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстан экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.

Отырыста салық салу нормалары, оның ішінде салық салу мақсаттары үшін «роялти» ұғымын қолдану, энергия өндіруші ұйымдардың мүлік салығын салу объектісін айқындау, сондай-ақ ҚҚС есепке алу әдісімен төленетін тауарлардың жаңартылған тізбесін қолдану мерзімдері қаралды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр барлық мүдделі тараптардың пікірін және әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықтимал әсерін ескере отырып, алғашқы екі мәселені қосымша пысықтауды тапсырды.

Отырыста сондай-ақ Қызылорда облысы Арал ауданы аумағында кальцийленген сода өндіру зауытын салу жобасы қаралды. Оны іске асыру шамамен 140 млрд теңге инвестиция тартуға, 700-ден астам тұрақты жұмыс орындарын құруға және жылына 300 мың тоннаға жуық өнім өндіру есебінен импортты алмастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Премьер-министр зауытқа қажетті инфрақұрылым құрылысын қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ инвесторларды тарту бөлігінде жобаны пысықтауды жалғастыруды тапсырды.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар Ақтауда 170 млрд теңге инвестиция тартуға, шамамен 4 000 тікелей және жанама жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ Маңғыстау облысына туристік ағынды 850 мың адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін көпфункционалды қонақ үй-туристік кешен салу мәселелерін талқылады.

Үкімет басшысы жобаны іске асыруды жеделдетуді және басталған барлық объектілердің құрылысын аяқтау үшін «ҚДБ» АҚ бюджеттік кредит бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Отырысқа қатысушылар мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру мәселесін де қарастырды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago