Фото: Pixabay.
Oy-Detox подкастының авторы Әйнел Әмірхан кинотанушы, журналист Әсия Бағдәулетпен кино сауаты туралы сұқбаттасты. Подкаста кино тілін түсінген адам қазіргі дәуірде болып жатқан ақпараттық соғыста манипуляцияларға бой алдырмайтыны айтылды.
Әсия Бағдәулет біздің қоғам оқырманның емес, көрерменнің қоғамы екенін айтады. Олай болса, кино және оның аясындағы барлық қозғалатын бейне маңызды. Кино тілін түсіну керек, сонда манипуляциядан аман қаласыз.
Кино арқылы көрерменнің санасын манипуляциялайтын көп ақпарат беріледі. Ол маркетинг, идеологиялық ақпарат болуы мүмкін және тағы басқа. Кино арқылы немесе кез келген визуал ақпарат арқылы бүтін бір халықты дегуманизация жасауға болады. Кино тілін түсінген адам қазіргі дәуірде болып жатқан ақпараттық соғыста манипуляцияларға бой алдырмайды. Өйткені кино тілін білетін адам ойды киноның қай элементтерін пайдаланып, қай көзқарас тұрғысынан жеткізіліп отырғанын түсініп отырады,
дейді Әсия Бағдәулет.
Оның айтуынша, кино — ең тиімді идеология.
Кино — ең тиімді идеология. Ленин кезінде киноны «өнердің ішіндегі ең маңыздысы» деді. Бірақ мұны өнер ретінде емес, идеологиялық құрал ретінде айтып тұр. Мұны Ленин де, Сталин де шебер қолданды. Дүниежүзі тарихында киноны идеологиялық құрал ретінде ең мықты пайдаланған үш ел бар. Олар: Кеңес одағы, Германия және АҚШ,
дейді кинотанушы.
Әсия Бағдәулеттің докторлық жұмысы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңес фильмдері туралы. Ол Сталиннің халықты соғысқа қатысуға жігерлендіру үшін және орыс ұлтын доминант етіп көрсету үшін киноны қалай пайдаланғанын айтып берді.
Сол кезде соғысқа халықты жұмылдыру үшін соғыс жайлы фильмдер пайда болды. Бірақ жергілікті халықтар орыс батырларынан рухтана алмайды. Демек оларға жергілікті батырлар тауып беру керек. Бұл тұрғыда үлкен проблема пайда болды. Кинотанушы архивтен «Исатай-Махамбет» деген сценариді оқығанын айтады. Бірақ бұл сценарий сол кезде өтпеді, өткені Исатай мен Махамбет кезінде орыстарға қарсы күрескен.
Сухэ-Батор деген Моңғолияның батыры, Давид-Бек деген армян батыры сияқты фильмдер түсірілді. Ал Орта Азиядан сондай батыр тұлға таппады. Өйткені біздің батырлардың бәрі орыстарға қарсы соғысқан еді. Ақыры, сол кезде шетелге шығатын фильм ретінде Бұхарадағы Насреддин туралы түсірілді. Сөйтіп, батырлар жайлы емес, ешкімге зияны жоқ, фольклор кейіпкер жайлы фильм шықты,
дейді Әсия Бағдәулет.
Кинотанушы бұл зерттеуі арқылы Кеңес одағы қазақ халқын және басқа Орталық Азия халықтарын тек жарылқамағанын жеткізгісі келеді. Оның айтуынша, одақ заманында Орталық Азия халықтарын орыс халқынан төмен, сол ұлтқа бағынышты, «інісі» етіп көрсетті. Бұл бүтіндей бір халықтардың психологиясына, өзіндік индентификациясына әсер етті және әлі күнге дейін әсер етіп келе жатыр.
Бұл тақырыптың қаншалық орынды болғанын қазіргі соғыстан да (Ресей-Украина — ред.) көріп отырмыз. Бұл соғысқа сол Кеңес конъюнктурасы қалыптастырған, адамдарың миында орнаған «біз бәріне иемесіз, біз — биікпіз, жоғарымыз» деген шовинизм кінәлі,
дейді кинотанушы.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…