Categories: Қоғам

Кинодағы боқауыз сөздерді бақылайтын біреу бар ма?

«Сорақылық сахнаға шыққан заман болып тұр. Боқауыз сөздерді барынша жарнамалап, екі қазақтың бірі солай сөйлейтіндей берілген, сапасы арзанқол фильм YouTube арнасынан асып, үлкен театрларда көрсетіле бастады. Мұндай масқараның артында не тұр?», — деп сұрақ қояды саясаттанушы Ерлан Жұрынбаев.

Айтуынша, халықтың мүддесін қорғайтын заң жоқ емес, баршылық. Бірақ солардың іс жүзінде орындалуы, заңдағы талаптардың сақталуы тым әлсіз. Өйткені қоғамда кейбіреулерге арзан күлкі, хайп, жеңіл жолмен, бейәдеп қылықпен танымал болу халықтың игілігі, ұрпақтың қамы, елдің ертеңі үшін жазылған, бекітілген нормалардан да маңызды болып тұр.

Ерлан Жұрынбаев әуелде YouTube арнасында көрсетілген «Пацанские истории» фильмі үлкен кинотеатрларда былапыт сөздерімен ашық көрсетіліп жатқанына наразы.

Енді қараңыз, 2019 жылы қабылданған қолданыстағы «Кинематография туралы» заң бойынша ел аумағында прокатталатын фильмдерде бейәдеп сөздер дыбыстық сигналмен жойылып, көрерменге естілмеуі тиіс. Жарайды, киноөндіруші хайп қуды, көрермен жинауды көздеді делік. Сонда оған елімізде мемлекеттік фильмдер тізімінде тіркеп, прокаттау куәлігін жауапты мекеме – Мәдениет және спорт министрлігі қалай берген? Қалай болғағанда да республика көлемінде таратылып отыр ғой, демек рұқсат алынған. Бұл әрекеттен жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың «иісі» шығады. Міне, заңбұзушылық,

дейді Ерлан Жұрынбаев.

Одан кейін, заңның орындалуын қадағалауы тиіс, заң талаптарының сақталуын жіті бақылауға жауапты, міндетті мемлекеттік орган – Прокуротура қайда қарап отыр?, — деп сауал тастайды мәдениет қайраткері.

Саясаттанушының пікірінше, қазіргі таңда YouTube арнасындағы қазақтілді сегментті, әлеуметтік желілерді, міне бара-бара киноөндірісті балағат сөздер, былапыт ойлар, дарақы диалогтармен толтырып жатқан «SALEM SHOW» компаниясы. Олардың мұндай «саясатының» артында не тұрғаны белгісіз.

Сондай-ақ, айтуынша, «Пацанская историяға» Мәдениет және спорт министрлігі прокаттау куәлігін 21 жастан асқандарға және түнгі 10-нан таңғы сағат 6-ға дейін көрсетуге рұқсат бергенімен бұл заң орындалмай келеді. Фильм кешкі уақытта, нағыз адам отбасымен фильм көруге баратын 18-20 сағ аралығында да беріліп жатыр.

Ал енді соны әлі оң-солын толық танымған, еліктегіш жастар мен ата-анасынан лайықты кино көруге ыңғайлы уақытқа сұранып шыққан жасөспірімдер көрсе, бір-біріне таратса, қайтпекпіз? Ұрпақты аздыру дегеніңіз осы емес пе? Қайда барамыз? Әлде немқұрайдылық түбімізге жеткенше жайбасарлық танытып отыра береміз бе?..

деп сұрақ қояды Ерлан Жұрынбаев.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

9 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago