Фото: видеодан алынды
Далай-лама Тибет буддизмінің ең жоғары деңгейлі рухани ұстазы болып есептеледі. Осы белгілі тұлға Үндістанда болған кештердің бірінде кішкентай баланы өзіне жақындатып, ернінен сүйеді. Кейін «тілімді сор» деп сұраған видеосы желіде тарап кетті. Көпшілік наразылық білдіріп, шебердің бұл қылығы ерсі деген айып таға бастады.
Ақпан айының соңында Дхарамшаладағы Далай-лама ғибадатханасында өткен іс-шараға M3M қорының 100-ге жуық жас студенттері қатысты.
Ең кішкентай шәкірттердің бірі Далай-ламаға жақындап «Сізді құшақтасам болады ма?», деп сұрайды. 87 жастағы ұстаз баланы өзіне тартып, бетінен сипайды. Кейін баланың ернінен сүйіп, тілін шығарып, «тілімді сор» деп әзілдеді ме, шындығын айтты ма, расы осы.
Сасқалақтап қалған бала тілін шығарып, артқа шегінбек болған. Алайда Далай-лама күлкіге айналдырып, баланы тағы да бір құшақтайды.
Сөзінің соңында рухани көшбасшы балаға: «Бейбітшілік пен бақыт» әкелетін адамдармен дос бол деді.
Аталмыш видео желіде тараған кезде, көпшілік бұл әрекетті «орынсыз, жиіркенішті» деп атады. Басы бәлеге қалған Далай-ламаның кеңсесі кешірім сұрады.
Оның әулиесі баладан және оның отбасынан, сондай-ақ әлемдегі достарынан кешірім сұрайды. Оның сөздері орынсыз болды. Ол көпшілікпен ойнап, әзілдегенді жақсы көреді. Болған оқиға үшін өкінеді.
2019 жылы да Далай-ламаның басы дауға қалған. Ол кезде оның сөзі жанжал шығарған. «Менің орнымды басатын келесі көшбасшы әйел болса, ол менен де тартымды болу керек» деп айтқан еді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…