Қоғам

Coca-Cola ішпегеннен соғыс тоқтамайды, тек өз отандастарың жұмыссыз қалуы мүмкін

Желіде Израильдің «ХАМАС»-қа қарсы соғысын тоқтатуға бағытталған бойкот ретінде Кока-Коланы төгіп жатқан видео тарады. Қантөгісті тоқтатуға бағытталған бұл шараның ниеті дұрыс болғанымен, соғысқа мүлдем әсер етпейді, дейді сарапшы Асхат Қасенғали.

«Кола саудасының төмендеуі қазақтардың өзіне кері әсер етеді», дей келе Асхат Қасенғали неге екенін тәптіштеп түсіндірген екен. Сөзбе-сөз:

Coca-Cola АҚШ-тың компаниясы. Млрдтаған доллар айналымға және әлем бойынша барлық елге сатылымға ие. Компания өнім рецептіне және бренд құқығына ие. Алайда Коланы әлемнің көптеген елдерінде Coca-Cola компаниясына тікелей тиесілі емес компаниялар құйып сатады. Ондай компанияларды ботлерлер деп атайды. Coca-Cola оларға өздерінің әйгілі сиробын жеткізіп тұрады.

Қазақстанда да бірнеше Кола шығаратын компания бар. Ол біздің жерде тұрған зауыт, онда жұмыс істейтін азаматтардың барлығы біздің отандастарымыз. Сен Кола ішпегеннен Израиль мен Газа соғысы тоқтамайды, максимум өз отандастарың жұмыссыз қалуы мүмкін. Кола демеуші болатын түрлі спорт, өнер сайыстары мен қайырымдылық шаралары азаюы мүмкін. Бірақ шынымды айтсам ол да мүмкін емес өйткені, ешкім мұндай бойкотқа қосылмайды.

Жалпы Қазақстан сынды елдердегі бойкоттар әлемдік саясатқа қандай да бір әсері бар деп айта алмаймын. Халық саны аз, сатып алу қабілеті жоғары емес. Бізде бір жылда сатылатын жаңа көліктер кей елдерде бір күнде сатылады дегендей.

Максимум біздегі бойкот өзіміздің ішіміздегі жұмыссыздықты арттыруы мүмкін, салық түсімін азайтуы мүмкін, одан басқа түк емес.

Қазақстан мұнай жеткізуді тоқтатса, уран сатуды тоқтатса немесе астық жеткізуге тыйым салса, өз аумағын транзит ретінде қолдануға рұқсат етпесе белгілі бір саяси оқиғаларға әсер ете алуы ықтимал. Бірақ бұл мемлекет дейгейінде қабылданатын шешім және мемлекет ешқашан ондай шешімге бармайды. Бармауы да тиіс! Бұл өз еліңнің мүддесін таптау, халқыңның әлеуметтік жағдайын мүлде ойламау деген сөз. Қысқаша солай…

Израиль мен Газа арасындағы соғыс сұмдық қасірет. Өлген бала мен ананы көргенде жүрегі бардың жаны ауырады. ХАМАС-тың жасағаны да, Израильдің оған қарсы соғысы да нағыз адамдықтан шыққан, моральды таптаған, соғыс заңдылықтарын ескермеген негізде жүріп жатыр. Сөзсіз бұл қырғын тез арада тоқтауы тиіс.

Бірақ эмоцияға беріліп, ел күлетін, өзге халық келеке ететін әрекет жасау ұят тірлік. Тик-Токтағы видеоның астына жазылған орысша пікірлерді көріп, ұялып кетесің. Теледидар талқандаған тәлібтермен салыстырып, мазақ етуде.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago