Корей қызының қолынан сүйген қазақ жігіті сотталуы мүмкін

Оңтүстік Корея еліне жұмыс істеуге барған отандасымыз қамауға алынды. Ол азық-түлік дүкеніндегі сатушы қызға қырындаған.

Бұл туралы @korea_komek Instagram паблигі жазды. Ондағы мәліметке сүйенсек, Қазақстан азаматы азық-түлік дүкеніндегі сатушы қызға қырындап, қолынан сүйген.

Оқиға орнына полиция келген кезде қазақстандық жігіт қашып кеткен. Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері отандасымызды ұстады. Кәріс қызына қырындаған жігіт уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды,

делінген мәліметте.

Егер Қазақстан азаматының кінәсі дәлелденсе, ол 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ақпарат таратқан Instagram парақшасының әкімшісі, Оңтүстік Кореядағы қазақстандық блогер Самат Ахметовтің мәліметінше, шет елге нәпақа табуға барған отандасымыз ондағы заңның осыншама қатал екенін білмеген. Бұл туралы ол блогерге айтып берген.

Мен үлкен қателік жасадым. Қыздан кешірім де сұрадым. Кореяның заңы осыншама қатал екенін, бір ғана қолынан сүйгенім үшін қамауға алынатынымды білген жоқпын. Басқа жігіттерге айтарсыз, олар мен жасаған қателікті қайталамаса екен,

дейді қамауға алынған қазақстандық.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago