Categories: Қоғам

Кореяда әуежайдан қашқандар: туыстары оқиғаның мән-жайын айтты

Оңтүстік Кореяға заңсыз барып ұсталған екі азаматтың туған әпкелері Qazaqstan Ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасына сұхбат беріп, оқиғаның мән-жайын баяндады.

Ұсталған азаматтардың бірі Үмітжан Нарзуллаевтың туған әпкелері Умида Ибрагимова мен Наргиза Нарзуллаева Түркістаннан арнайы келген.

Інімнің шетелге кететінін білдік. Әкем мүгедектігі бар жан, ал анам ауыратын еді. Анамның операциясына ақша қажет болды. Кореяға барып, ақша тауып келуге 2-3 айға кетіп баратын болды. Саят деген жігіт құжатын дайындап берді. Үйден әкемнің батасын алып шықты. Осылайша, Өзбекстаннан Кореяға ұшып кетті. Сәл уақыт өткен соң өзі хабарласты. «Өте алмадым» деп қатты жылады. Әкем «қайта бер» деді. Бірақ ол «Менен басқа кімге үміт артасыздар? Анама операция жасау керек қой» деді. Сонымен телефонды өшірді. Кейін ол хабарласпады. Біз жертөлеге түскен шығар, онда желі ұстамайды деп ойладық,

дейді Умида Ибрагимова.

Осылайша әпкесі әлеуметтік желіде «Корея көмек» атты парақшаның авторы Самат деген блогерге хабарласады.

«Сол парақшаның иесі Нұрсұлтан мен Үмітжанның жақындары хабарлассын деп жазып қойыпты. Інімнің барған датасын жазып қойған. Мен «Не болды?» деп сұрап едім, олардың шекараны асып, қашып кеткенін айтты. Ініме хабарласа алмадым. Самат бізге хабарласып «24 сағат ішінде ұсталса, елге шығарып саламын, сотталмайды» деді. Мен ініме қайта-қайта қоңырау шалдым. Кейін ол өзі хабарласты. «Сен қаштың ба?» деп сұрағанда қатты жылап жіберді. «Өзім де білмей қалдым, енді не істеймін?» деп жылады. Мен Самат деген блогерге бар. Ол саған көмектеседі дедім. Саматқа айтып, інімді кездестірдім.

Кездескен кезде Самат інімді қолына кісен салып, алып кетіп бара жатқан суретті салады. Мен Саматқа «Неге өтірік ақпарат бересің, ол өзі берілді ғой» дедім. Менде барлық жазба бар. Самат солай керек болды деп айтты. Самат кейін өзі хабарласып, інім изоляторда анасынан кешірім сұрап жатқанын айтты. Ол «1 млн 50 мың теңге тапсаңыздар, балаңыз сотталмайды» деді»,

дейді әпкесі.

Ибрагимова ол ақшаны таба алмайтынын айтып, 500 мың теңгеге келіскенін айтты.

Содан кейін баладан хабар жоқ. 24 сағат өткен соң салып жіберемін деген Самат «үш күн өткен соң» деді. Ол уақытты да күттік. Содан бері хабарласпады. Баладан да хабар жоқ. Әлеуметтік желіге шыққан соң ол 500 мың теңгені қайтарып берді. Самат алғашқыда елшіліктен хабарласып тұрмын деді. Олай емес екен. Біз қазір Саматты даттауға келмедік, жалғыз ұлдың үйіне қайтқанын қалаймыз,

деді ол.

Сондай-ақ, әпкесі елшіліктен бір рет қана хабарласқанын, адвокат жалдау Кореяда он бес миллион вон тұратынын айтқан.

Бағдарламаға қонақ болып келген адвокат, депутат Абзал Құспан қалай дегенмен де қазақстандықтар заңды бұзғанын, енді Оңтүстік Корея елінің заңнамасына сәйкес жазалатынын айтты.

Корея елінің Қылмыстық заңнамасын білмейді екенмін. Біздің азаматтарымыз жасағаны қылмыс екенін түсінуіміз керек. Егер мұндай жағдай бізде, Қазақстанда болса, біз де қылмысқа тартар едік. Бірақ біздің ҚК-де бұл жеңіл қылмыстар қатарына жатқызылады. Бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айыру, кейін өз еліне депортациялау қарастырылған. Корея еліндегі заңнама қатты ауыр болмас деп үміттенемін. «15 жылға сотталуы мүмкін» деген алыпқашпа әңгіме. Адвокаттардың қатысуымен екі азаматтың қылмыстық жауапкершілігін барынша жеңілдетуге атсалысуымыз керек,

деді адвокат.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago