Categories: Қоғам

«Өкпеге дем жетпейді»: Атырауда экология үшін бейбіт шеру өтті

Жексенбі, 9 сәуір күні Атырауда алғаш рет экология үшін санкцияланған митинг өтті деп хабарлайды «Ақ Жайық» басылымы.

Қаланың экологиялық мәселелеріне назар аудару үшін «Мұнайшы» стадионының алдына 400-ге жуық адам жиналды.

Митингке қатысушылардың басым бөлігі жастар болды, бірақ егде жастағы адамдар да шықты. Олардың қолында «Өкпеге дем жетпейді», «Тыныс алу мүмкін емес», «Атырау тынысы», «Экология пайдадан қымбат», «АМӨЗ бізді уламаңыз», «Экологиялық Кодекстің 198-бабының орындалуын талап етеміз»деген жазулары бар плакаттар болды.

Митинг бейбіт тәртіпте өтті, полиция шетте тұрды. Акцияға қатысушылар арасында журналистер мен қала белсенділері болды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago