Кредит дәуірі бітті. Процент өссе де, халық несие алуын қоя ма?

Ұлттық Банк базалық ставканы 16 пайызға бірден көтерді.

Сарапшылар оны ешкім күтпеген ең радикалды қадам деп бағалап отыр. Бірақ Мемлекет басшысының инфляция мен халықтың шамадан тыс кредиттелуімен күресу бойынша жария бағытын ескерсек, Ұлттық Банк осы жағынан Ақордаға барынша көмек беретін сыңайлы.

Банктер Ұлттық Банктен 17%-бен несие ала алады, ал Ұлттық Банк ноталарына қаржы салса, жылдық 15% табыстылықпен пайда көрмек. Яғни, қаржы ұйымдары үшін халық пен коммерциялық компанияларға тәуекелі жоғары кредит бергеннен көрі, қолда бар ақшаны толық кепілмен Ұлттық Банк ноталарына немесе Қаржы министрлігінің және квазимемлекеттік компаниялардың облигацияларына салған тиімді болады. Мұндай жағдайда нарықта бос ақша қалмайды. Жалпы, кімде кэш бар, соның дәуірі жүрмек.

Біз бұл сценарийді дедолларизация науқанында, яғни 2015-2016 жылдары көрген болатынбыз.

Халық үшін депозиттер тиімді бола түседі. Бұл бір жағынан алғанда акциялар нарығына рикошетпен ұрмақ. Тіпті алда жоспарланып отырған «ҚазМұнайГаз» IPO-сы қызық болмай қалуы мүмкін. Депозит 18%  табыс беретін болса, акциялар үшін тәуекелге барудың қажеті қанша?

Процент өссе де, халық несие алуын қоя ма?

Себебі халықты 14% базалық ставка еш тоқтата алған жоқ. Оны статистика көрсетті. Енді халыққа 16% базалық ставка әсер етпесе, онда басқа шешім көмектесе алмас. Себебі ставканың 18%-ға өсуі — экономиканы толық құлдыратады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago