Фото: inbusiness.kz
Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін несиесі жалақының жартысынан асса, онда оған жаңа несие берілмейді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Мәжілісмендер жалпы отырыста екінші оқылымда мақұлданған «Кейбір заңнамалық актілерге несие беру кезіндегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына осындай түзетулер енгізді.
«АMANАТ» фракциясының мүшесі Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, несие берушілер енді қарыз жүктемесінің коэффициентін (ДЛР) есептеп барып, несие беруі керек. Мысалы табысыңыз 200 мың теңге болса, несиенің ай сайынғы төлемі 100 мыңнан аспауы керек. Егер жалпы несие төлемдері кірістің 50%-ына жетсе, жаңа несие берілмейді.
Депутаттардың айтуынша, бұл шаралар студент сияқты табыс көзі жоқ адамдарға несие беруді болдырмау үшін жоғары пайыздық мөлшерлеме арқылы несиелеудің өсуін тоқтатуға бағытталған. Заң жобасы қазір сенатта қаралып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда заңсыз несие алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік алып тасталуы мүмкін екені айтылды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…