Categories: Экономика

Кредитстан. Халық бір қарызды екіншісімен жауып жүр

2022 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 21 проценттен асты. Халық тапқан-таянғанының жартысынан көбісін азық-түлікке жұмсауға мәжбүр болып отыр, деді ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев.

Amanat партиясын осы орнаған жағдайдың өзгермей отырғаны алаңдатады екен.

Депутаттың сөзінше, жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының жартысынан көбі азық-түлікке кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз боп отыр.

Халықтың несие алу деңгейі де өте жоғары. Мысалы 2022 жылы тұтынушылық несие – 30 процентке, яғни 13,2 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл – халықтың төлем қабілетінің төмендеуінің көрсеткіші, яки бір қарызды екінші қарызбен жамап жүрген халықпыз.

Екіншіден, үш жылдық бюджет қағаз бетінде қалғаны бәрімізге түсінікті. Оны қалыптастыруға көп уақыт кетеді. Оны орындау барысында тек алғашқы базалық жыл ғана нақтыланып, түзетіледі. Кейінгі жылдардың бетін де ашып қарамаймыз. Соның салдарынан бұрын қолдау тапқан жобалар жаңа бюджетті бекіту барысында мүлдем көрініс таппай, аяқсыз қалған нысандар пайда болады.

Сондай-ақ, еліміз бойынша нақты қаржыландыруы шешілмеген, алдағы 3 жылда шешімін таппайтыны анық, тек мөр басылған миллиардтаған ақшаны жобалау-сметалық құжаттамалармен игеріліп отыр. Қағаз бетінде жобаның есебі бар, бірақ құрылысқа қаржысы жоқ қоғамда өмір сүреміз.

Үшіншіден, жұмыссыздық мәселесі. Бұл көрсеткіш кейінгі 5 жылда 5% шамасында сақталып отыр. Оған ешкімнің сенбейтіні анық. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауынша, Қазақстандағы жұмыссыздықтың шынайы деңгейі 9-10%-дан кем емес. Бұл – кемі 900 мың адам деген сөз, яғни екі есеге көп. Жұмыссыздықпен күресу үшін бюджеттен жылына кемі 100 миллиард теңге бөлінеді. Қаржы игеріледі, бірақ нәтиже жоқ.

Ұлттық қордың активтері 56 млрд долларынан асса, мемлекеттің қарызы 54 миллиардтан асады. Бұл сомаға квазимемлекеттік сектордың тағы 42 млрд доллар қарызын да қосуға болады. Ал, Үкіметтің қарызын өтеу мен оның қызметіне жыл сайын шамамен 7 млрд доллар жұмсаймыз. Біз әлі де қарызға өмір сүріп келеміз. Баланс теріс.

Жария етілген көптеген міндеттемелер әлі де баяу іске асып келеді. Оны мойындауымыз керек. Сондықтан Үкімет бұрынғы жұмыс тәртібін түбірімен жою қажет деп есептейміз.

Осы орайда, негізгі мақсат бюджет қаражатын игеру емес, ал нақты нәтижеге қол жеткізуді басты индикатор ретінде қарастыру керек. Сондықтан бізге жан-жақты ойластырылған әрі теңгерімді бюджет саясаты керек.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, «Amanat» партиясының фракциясы үкіметтің 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін аталған ескертулермен бекітуге болады деп есептейді,

деді депутат.
Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago