Categories: Саясат

Кремльге шабуыл – қойылым – ISW сарапшылары

Кремльге шабуыл – қойылым. Бұл туралы соғысты зерттеу институтының (ISW) сарапшылары мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Вашингтондағы соғысты зерттеу институты (ISW) күнделікті есебін жариялады. Америкалық әскери сарапшылар Кремльге шабуыл қойылым деген қорытындыға келді. Мұндай тұжырымды растау үшін олар бірнеше дәлел келтірді.

  • Ресей билігі Мәскеу айналасындағы әуе шабуылына қарсы қорғанысты бұрындары-ақ күшейткен. Қорғанысты екі ұшқышсыз аппараттың бұзуы екіталай.
  • Күтпеген шабуыл кезінде Ресей билігі ретсіз ақпарат беретін еді. Оның орнына әскерилер бірден егжей-тегжейлі есеп берді. Ал үйлесімді және үйлестірілген реакция шабуылдың іштен дайындалғанын көрсетеді.
  • Тағы бір себеп биліктің халыққа «соғыс жақындап қалғанын» көрсетуге және жас жігіттерді майданға шақыруға деген ұмтылысы болуы мүмкін. Сондай-ақ, шабуыл қаупіне байланысты мерекелік іс-шараларды тоқтатуға болады.

Сарапшылар өзге елдің туын желеу етіп, басқа да операциялар ұйымдастырылуы мүмкін деп болжайды.

Еске сала кетейік, кеше Мәскеуде екі жарылыс болды. Екі белгісіз ұшқышсыз аппарат Ресей президентінің резиденциясы орналасқан Кремльді нысанаға алған.

Ресей ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше түнде екі ұшқышсыз аппарат Кремльді нысанаға алып, жарылыс жасағысы келген. Шабуылдан Ресей президенті мен басқа да адамдар зардап шекпеген. Мемлекет басшысының жұмыс кестесі өзгерген жоқ.

Бұл шабуыл Жеңіс күні қарсаңында жасалды. Ол Ресей президентіне қастандық жасау мақсатында болды.  Ресей тарапы міндетті түрде қарымта шабуыл жасайды. Оның қай кезде болатынын уақыт көрсетеді,

делінген хабарламада.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Путин шабуыл кезінде жұмыс орнында болмаған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

18 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

19 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago