Categories: Спорт

Криштиану Роналду қамауға алынуы мүмкін

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында өнер көрсететін футболшы Криштиану Роналду соққан голынан кейін шоқынды. Бұл іс-әрекеті үшін ол қамауға алынуы мүмкін, деп жазады шетелдік БАҚ.

9 тамызда Араб елдерінің Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Әл-Шорта» мен әлемдік футболдың жұлдызы Криштиану Роналду өнер көрсететін «Әл-Наср» клубтары кездесті. Матчта тек бір гол соғылды. Пенальтиден мүлт кетпеген португалиялық «Әл-Насрға» жеңіс сыйлады. Осыдан кейін Роналду шоқынып, артынша өзінің стилінде жеңісті тойлаған.

Алайда басылымның жазуынша, Сауд Арабиясында христиан дінін ұстанатынын ашық түрде білдіруге тыйым салынған.

Роналду клубтың жоғарғы басшылығынан кем дегенде бір ескерту алу қаупі бар. Мұнда христиан дініне қатысты заттар мен белгілерді дұға ету немесе көпшілік алдында көрсету қылмыс болып саналады, ол үшін қамауға алынады,

делінген басылым мәтінінде.

БАҚ-тың ақпаратынша, бұған дейін мұндай оқиға болған.

«Әл-Насрдың» бұрынғы ойыншысы, колумбиялық Хуан Пабло Пино сауда орталығында Исаның бейнесі салынған татуировкасы жеңі жоқ көйлегінен көрініп қалғаны үшін қамауға алынды.

Бірақ Криштиануға келер болсақ, билік оған көз жұма қарауы мүмкін. Өйткен, Роналду — Сауд Арабиясы футболының бүгінгі күнге дейінгі ең құнды және жемісті активі,

деп жазады журналистер.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago