Жемқорлық

Куәгерлер «Оператор РОП»-тың түпкілікті пайда алушысы Әлия Назарбаева екенін көрсетті — депутат

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Атырауда AMANAT партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл республикалық кеңесінің көшпелі отырысында куәгерлердің утилизациялық алым жинайтын «Оператор РОП» қызметінің соңғы бенефициары ретінде Әлия Назарбаеваны көрсеткенін айтты.

Бұл ретте ол алдымен партия кеңесінің құрамында белгілі заңгерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары бар екеніне тоқталды. Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі жұмыс барысында өңірлердің проблемаларына ғана емес, қоғамда кеңінен талқыланып жатқан, резонанс тудыратын мәселелерге де назар аударады. Осы орайда кеңес төрағасы утилизациялық алым жинайтын «Оператор РОП» қызметіне қатысты мәселеге тоқталды.

Әділетті Қазақстан шындыққа және заңды қатаң сақтауға негізделген. Барлығы заңға сәйкес болуы керек. Баршамызға белгілі, жақында «Оператор РОП» деп аталатын ұйымның бірқатар басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот процесінде көптеген куәгер сыбайлас жемқорлық арқылы табылған қаражаттың түпкілікті пайда алушысы Әлия Назарбаева екенін көрсетті. Бірақ сот та, Бас прокуратура өкілдері де процесс барысында бұл азаматтардың уәжіне назар аудармады. Егер біз Қазақстанда әділ қоғам құрғымыз келсе, мұндай жағдайда әрбір азамат сотқа жүгініп, өзінің кінәсіздігін дәлелдеуі керек,

деді депутат.

Сондай-ақ ол бұл мәселе кеңестің бақылауында болатынын, Бас прокуратураға тиісті хат жолданатынын айтты.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago