Таяуда ғана жолдасынан айырылған Ләйлә Сұлтанқызының жеке өмірі әлі де ел аузында. Күні кеше ғаламторда танымал тележүргізушіге қатысты тағы бір әңгіме тарады, деп хабарлайды Экспресс К.
Сұлтанқызының жолдасы Қайрат Беркінбаев өмірінде үш рет үйленген екен. Алғашқы некесінен екі ұлы бар, екінші келіншегінен бір қызы және үшінші әйелі, яғни Ләйләдан туған қос ізбасары өсіп келеді.
Жуырда жеке парақшасында марқұм күйеуі жайлы жылы естеліктерді бөліскен Сұлтанқызына желідегі жұрт түрлі сұрақтарын жаудырып жатыр.
Бірінші әйелі де қимастық шумақтарын жариялаған екен. Көрген көзде жазық жоқ. Ол кісінің соңғы сапарға аттандарған рәсімдері бәйбішенің үйінде өтті ме? Әлде сіздің отбасыңызда шығарып салдыңыз ба?,
деп сұрады оқырманның бірі.
Сұлтанқызына жолданған бұл сауалға Қайрат Беркінбаевтың Мөлдір есімді қарындасы әлеуметтік желіде жауап берді. Анығында марқұм ағасына Instagram арқылы әсерлі өлең жолдарын арнаған алғашқы жұбайы емес, екінші әйелі екен.
Қайрат ағамды қарашаңырақтан шығарды. Ләйлә жеңешем Сағадат және Сардармен барды. Ал сіз айтып отырған бәйбіше емес, екінші әйелі. Ағам 2006 жылдан бері Ләйләмен тату-тәтті өмір сүрген. Егер Ләйлә жеңешемді жақсы көрмесем, мынадай жауап жазбас едім,
деді Ләйлә Сұлтанқызының қайын сіңлісі.
Бұл әңгімені Қайрат Беркінбаевтың келіні Динара да қолдай кетті. Ол бақилық болған кәсіпкердің алғашқы некесінен туған ұлының келіншегі екен.
Өлең жазған бірінші әйелі емес. Бірінші әйелінің аккаунты инстада жоқ,
деп жазды марқұм Қайрат Беркімбаевтың келіні.
Сондай-ақ, желідегі жұрт Ләйлә Сұлтанқызын кәсіпкердің «тоқалы» деп топшылайтын көрінеді. Танымал тележүргізушінің жақындары бұл қауесетті жоққа шығарып, Қайрат Беркінбаевтың заңды жұбайы екенін растайтын неке қию туралы куәлікті көпшілікке көрсетті.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…