Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы өмірден озды

Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы  Қайрат Беркінбаевтың өмірден өткені туралы суыр хабар тарады. Қаралы хабарды Денсаулық сақтау министрлігі растады.

57 жасында белгілі кәсіпкер Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев мезгілсіз дүниеден озды.

Суық хабарды продюсер Жан Мұқанов өзінің Instagram парақшасында жазды.

Бүгін біз жақын досымыз Беркенбаев Қайрат Шерәліұлынан айырылдық. Жүрегі тоқтап қалды. Ең жақын досым әрі әріптесім – Ләйлә Сұлтанқызына көңіл айтамын. Бекем бол, досым. Жақсы адам, күйеу, әке және дос болып еді, жаны Жәннатта болсын,

деп жазды Жан Мұқанов өзінің Instagram парақшасына.

Қайғылы қазаға экономист, блогер Дәулет Мұқаев те көңіл айтты.

Бүгін таңғы уақытта Қайрат Беркінбаев дүниеден озды. Қайрат ағаны бірнеше рет көргенмін. Өте биязы, сабырлы адам еді. Белді кәсіпкер, өз ісінің маманы еді. Әрі талай қайырымды іс жасап, қайырымдылықтың жаршысы болып жүретін. Аз сөйлеп, көп іс тындыратын. Жаныңыз жәннатта болсын! Ләйлә Сұлтанқызы, бекем болыңыз! Отбасымызбен қайғырып көңіл айтамыз,

деп жазды Дәулет Мұқаев.

Қайрат Беркінбаев – кәсіпкер, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті. 2019 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында III дәрежелі «Барыс» мемлекеттік орденімен марапатталған.

Ләйлә Сұлтанқызы «Спутник»  порталына берген сұхбатында жолдасы жайлы:

Мен тұрмысқа шыққан кезде күйеуім ажырасқан болатын. Маған дейін оның екі некесі болған. Бұл туралы бұған дейін де айтқанмын, жасырмадым. Бұл – тағдыр. Тұрмысқа шыққан кезде күйеуімнің алдыңғы некеден балалары болды. Кіші қызы 5 жаста, үлкен ұлдары жасөспірім болды. Балалардың жанына жарақат салмау үшін менің қоғамдық өмірімде көрсетпейтін болып келістік. Бұл дұрыс шешім болатын. Балалар өсті, олармен жақсы араласамыз, құда-құдағидың барлығын танимын,

деген еді.

Министр Ажар Ғиният Қайрат Беркінбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қайрат Шерәліұлы курорт ісінің дамуына зор үлес қосты, Қазақстанның ірі сауықтыру мекемелерінің басшысы бола отырып, өзін дарынды ұйымдастырушы ретінде көрсетті. Марқұмның отбасы мен жақындарына қамқор әкесінің және жұбайының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз,

делінген хабарламада.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago