«Ламбаны Жигулиге айырбастады»: Жұрт Raim-ның экс-ғашығының сұлулығына тәнті

Қазнет оқырмандары әнші Raim-ның бұрынғы қызы Наргиза Рамазанованың Instagram парақшасын жаулап алды. Жұрт экс-ғашықтың сұлулығына тәнті болып қана қоймай, Raim Ерке Есмаханды таңдай отыра өрескел қателік жасады деген пікір айтып жатыр.

Наргизаның өзі бір күн бұрын сторисінде Raim-мен не үшін айырылысқанын жазған болатын.

Ең біріншіден, көп адам айтып жатқандай ол мені тастап кеткен емес. Екіншіден, иә, біз 7 жыл жүрдік. Ата-аналармен танысу болды, қыркүйекте той болуы керек еді. Бірақ бір нәрсе дұрыс емес болып кетті. Анық-қанығын айтпай-ақ қояйын. Мен оның ата-анасын сыйлағандықтан көп нәрсе айтқым келмейді. Ол арасында келетін. Онымен (Еркемен-еск.) қатар кездесіп жүрген. Бірақ мен екеуіміздің арақатынасымызды үзуге шешім қабылдағаннан кейін болған нәрселер. Ол ешқандай да опасыздық емес,

деді Наргиза. 

Оның сөзінше, көп адам Райымбек Наргизаға опасыздық жасады деп түсінген. 

Бәріне құрметпен қарауға тырыстым. Бірақ кейде адамдар артық кетеді. Болды. Менде бәрі жақсы. Бұл менің таңдауым. Бәрі менің пікір білдіргенімді күтіп отырды. Басқа ештеңе айтқым келмейді, айтқым келмеген де. Өз өмірім онсыз да қызық»

деп сендірді Наргиза.

Дегенмен жұрт Наргизаның қазіргі көңіл күйіне алаңдаулы. Жанашыр адамдар Наргизаға бақыт тілеп, лайық жігіт кездесуін тілеп жатыр.

«Ламбаны Жигулиге айырбастады», «Бұл қыз Раимнан емес, Раим бұл қыздан айырылған сияқты ғой. Әдемі сүйкімді қыз», «Жоқшылықта да, тоқшылықта да жаныңда болған жанды бағалай білу де өнер ғой негізі», «Қыз болсам да сұлулығыңа сындым», «Осындай сұлу қызды көзі қиып, қалай тастап кетеді екен?», «Алла бәрін білуші, сенің бақытыңа лайық ер-азаматты әлі кездестіресің!»

деген пікірлер қалдырып жатыр оқырмандар.

Айта кетейік, белгілі өнерпаздар — Raim мен Ерке Есмахан жұп екендерін жариялады. Жұптың жас айырмашылығы көптің талқысына түсті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago