Атақ және ақша

«Ұлдарыма көз жасымды көрсеткім келмеді»: Роза Рымбаева Әлиге жасалған қысым жайлы

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ұлы Әли Оқапов «Құрмет» орденін қайтарып берем дегенде қандай күйде болғанын Динара Сәтжанға сұхбат барысында айтты.

«Елдің шулап жатқанын тек үшінші күні ғана білдім. Алдында балама орден бергенін естіп едім. Осы хейттен кейін сол күйі сахнаға ән шырқауға шықтым. Өзім, мейлінше, жағымсыз нәрселер айтылатын бағдарламаларды ешқашан қарамаймын. Ұлдарым мені бәрінен қорғап жүрді. Әли марапаттарынан бас тартамын деп видео түсіргенде жұмыс істеп отырғанмын. Мәди де қатты уайымдады. Осыдан кейін түні бойы көз ілмей шықтым. Не жыларымды, не шыдарымды білмедім. Олардың алдында жылауға да қорықтым. Жұрттың жазғанын оқымағаным қандай жақсы болған?!» – дейді Роза Рымбаева журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ешқандай марапат, орден өмірді жақсартпайды. Әншінің ұстанымын да, кәсібилігін де өзгертпейді.

«Ән әлемінде жүргеніме 50 жылға жуықтады. Музыкалық мектептегі алғашқы сыныбынан-ақ ұлдарымда кәсіби білім бар. Бұған уайымым жоқ. Олар педагог болып сабақ бере алады. Басқару ісіне де шамалары жетеді. Оркестрде пианино тартып, музыка өңдеуге де қауқарлы. Бұл марапаттың, құрметті атақтың бәрі өмірімізге өзгеріс әкеле алмайды. Музыкада жүріп, байып кетпедік. Тіпті, таңнан кешке дейін тойдан шықпайтын сұранысқа да ие болмадық. Өз жұмысымызбен айналысып жүрміз, сол күйі жалғастыра береміз», – дейді атақты әнші.

Ал Әли Оқапов өзі министрлік жарты жыл бұрын құжаттарын сұратқанын, бірақ ол кезде «Құрмет» орденін алатынын білмегенін айтты.

Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Әли Оқаповқа берілген «Құрмет» ордені өзінде қалатынын айтты.

«Әли Оқапов әлеуметтік желідегі хейттен кейін мемлекеттік награданы қайтарып беремін деп эмоцияға берілді. Шығармашылық адамы болғаннан кейін жағдайды эмоционалды тұрғыда қабылдаған. Өзі айтты: «Аида Ғалымқызы, шынымен де бәрі жан-жақтан талаған кезде, менің еңбегім емес деп, анаммен салыстырып жатқаннан кейін шыдамадым», – деді. Қазір еш мәселе жоқ, бәрі дұрыс. Берілген орден өзінде қалады», – деді министр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago