Дубайға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық азамат жоғалып кетті, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.
Қазбеков Исламбек 2022 жылдың қыркүйек айында Дубай қаласына жұмыс істеуге кеткен. Бірақ жыл соңына қарай Исламбек достарына белгісіз адамдардың айтуымен Тайландқа ауысқанын айтқан. Кейіннен Таиланд, Лаос, Мьянма елдерімен шекетесетін «Золотой треугольник» деген жерге алданып келгенін айтқан. Бірақ 27 желтоқсаннан бері байланысқа шықпаған.
Жоғалған азамат соңғы хабарламасында түсініксіз жәйттардың болып жатқанын достарына ескертіпті.
«Золотой треугольник» деген жерге келгенше 10 посттан өттік. Қайда тап болғанымды сонда келгенде ғана түсіндім. Жанымда 1 қазақстандық жігіт, 2 пәкістандық және тағы бір адам бар. Бізге басында аудармашы боласыңдар деген, кейіннен сату жұмыстарымен айналысасыңдар деді. Сатудан қажетті ақшаны таппасаңдар, ақшаны өздерің төлейсіңдер деп айтты. Ал ол ақшаны өтеп бере алмасақ ұрамыз, құлдыққа саламыз, түрмеге қамаймыз дейді. Енді бір амал болса, қайтып кетуге тырысамыз. Егер менен хабар үзіліп қалса, жағдайдың қиындағаны деп түсініңдер,
делінген жоғалған жігіттің соңғы хабарламасында.
Жоғалған қазақстандық азаматтың достарының айтуынша Исламды құлдықта ұстап отыруы мүмкін дейді.
Мемлекеттік органдар жоғалған азамат туралы қандай да бір ақпарат білу үшін жұмыс жасауда. Аталған жерде заңның күші аса жүре бермейді. Бұрынғы тәжірбиелер көрсеткендей, ол елдерде осындай жағдайға тап болған адамдарды қайтару үшін қомақты қаржы сұрайды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…