Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде Рим Папасы әлемде кедейлік пен теңсіздік болып жатқанын айтты.
Оның сөзінше, қауіпті індет пен түрлі қайғылы оқиғалар кедейлерге анағұрлым әсер етіп тұр. Сондықтан мұндай экономикалық теңсіздік жағдайында вирусты жою мүмкін емес.
Билік қоғамдағы осал топтың үнін ести білуі керек. Қоғамның ең әлсіз және кедей топтарына көмек көрсету қажет. Оның ішінде вакцина алмағандарға тиісті көмек көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген жөн,
деді Рим Папасы.
Сонымен қатар ол қазіргі кезде кедейлерге көмектесіп, «қаржыны Абай айтқандай білім алуға, рухани кемелденуге құю керек» деп есептейді. Ал бүгінгі таңда әлемдегі мемлекеттер қаржыны қару-жараққа бөліп жатқан көрінеді.
Әлем қазір қару-жараққа қыруар қаржы құйып жатыр. Негізінен бұл ақшаны білімге салу қажет деп есептеймін. Сонда ғана адамзат алға жылжи алады. Әлемдегі ахуал да ушығып тұр. Түрлі қақтығыстардан бөлек, адамгершілік қасиеттеріміз төмендеп, табиғатқа зиянымызды тигізіп отырмыз. Дүниежүзіне ортақ диалог қажет. Дін өкілдері осы бағытқа басымдық беруі тиіс.
Кедейлік пен жанжал зорлық-зомбылық пен ашкөздік орын алған кезде әділеттілікке жету қиын. Әлемде теңсіздік бар кезде вирустарды тоқтату мүмкін емес. Бұған қоса, кейбір мемлекеттер арасында соғыс отының ушыққанын көріп отырмыз. Көпшілігі «Құдай жоқ» деген сипатта өмір сүреді. Сөйтіп, жауапкершіліктен жалтарады. Одан бөлек, бейбітшілікті қолдамайтын кейбір діннің атын жамалған топтар да жағдайды ушықтырып отыр,
Рим Папасы.
Айта кетейік, Рим-католик шіркеуінің басшысы Франциск елімізге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыруымен келген. Ол бүгін 14 қыркүйекте елордадағы ЕХРО аумағында католик дінін ұстанушылар және Қазақстанға арнайы келгендер үшін месса (дұға) өткізеді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…