Фото: exp.idk.ru
Ресей дүйсенбіде астық келісімін орындаудан бас тартқан соң, әлемдік нарықта бидай мен жүгері бағасы күрт өсті. Осылай деп CNN телеканалы хабарлады.
Ақ үй «Ресейдің шешімі азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, әлемдегі әлсіз миллиондаған адамға зиянын тигізеді» деп мәлімдеп, Мәскеуді «тез арада бұл шешімінен бас тартуға шақырды».
«Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін бірден көтерілген астықтың бағасы Қара теңіз арқылы Украинадан шығарылатын астық келісімнен соң азық-түлік бағасы біршама төмендеген», — деп CNN АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Адам Ходжаның сөздеріне сілтеме береді.
БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресейдің бұл шешіміне өкінетінін жеткізді. Оның сөзінше, астық келісімі азық-түлік бағасын 23 процентке түсіруге мүмкіндік берген еді.
Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Ресейдің шешімін арсыз әрекет деп атады. Ол ЕО украин ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды жалғастыра береді деп мәлімдеді.
Ұлыбритания Ресей билігінің шешімін «өздері бастаған заңсыз соғыста орасан зиян әкеліп жатыр» деп атады. Нидерланд сыртқы істер министрі Вопке Хукстра Ресейді астық келісімін қайта жүзеге асыруға шақырды. «Ресей астықты қаруға айналдырып жатыр. Бұл адамгершілікке жат», — деп жазды твиттер парақшасына.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің шешіміне қарамастан, Киев Қара теңіз дәлізі арқылы астықты экспорттауды жалғастыра береді деп мәлімдеді.
«Біз Ресейсіз де Қара теңіз дәлізін пайдалана береміз. Бізге жекеменшік кеменің өкілдері өтініш жасады. Олар украин астығын шығаруға дайын екенін мәлімдеді. Түркия астық кемесін өткізеді», — деді Зеленский.
Ол астық келіссөзі аясында екі келісім-шартқа қол қойылғанын жеткізді. Біріншісіне Ресей, Түркия және БҰҰ қол қойды. Екіншісіне Украина, Түркия және БҰҰ қол қойды. «Сол себептен Ресей астық келісімін орындаудан бас тартамыз десе, олар БҰҰ бас хатшысы Гуттеришпен және президент Ердоғанмен келісімнен бас тартып жатыр. Бізде Ресеймен ешқандай келісім болған емес», — деді Зеленский.
Ресей астық келісімі қайта жүзеге асуы үшін Россельхозбанкті халықаралық SWIFT жүйесіне қосуды талап етіп жатыр. Ресейге салынған санкцияларда халықаралық төлем жүйелері алынып тасталған.
Сонымен бірге Мәскеу орыс астығы мен тыңайтқышын Украина арқылы Еуропаға жеткізуді сұрайды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…