Categories: Қоғам

Әлемде табиғи апат жиілеп барады

Әлемде табиғи апат жиілеп барады, деп хабарлайды Хабар 24.

Вьетнамдағы аптаптың беті қайтар емес. Күн май еритіндей күйіп тұр. Шыжығаны сонша, жан шыдатпайды. Сынап бағанасы 44 градустан асады. Жұрт ыстықтан қорғанудың амалымен әлек. Көбі желдеткіш қосып үйден шықпауды жөн санаған. Бірақ бұл энергия жүйесіне үлкен салмақ болып тұр. Сондықтан электр қуаты өшіріліп жатыр. Өйткені мұндай жүктемеге елдегі энергетика кешендері шыдас бермеуі мүмкін.

Күннің ысуы қазір метро жұмысына да кері әсерін тигізіп жатыр. Осыған байланысты Ташкентте пойыз қозғалысының жылдамдығы төмендетілмек. Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, рельстердің температурасы 55 градустан асқанда жылдамдық уақытша шектеледі. Бүгінде жерастындағы шойын жолдың кей бөліктерінде температура 77 градусқа жетеді екен.

Ирак астанасы құмды дауылдың астында қалды. Бағдат бірнеше сағатқа қара түнекке батып, көшелерін құм басты. Тұрғындар сыртқа шыға алмай, үйлерінде қамалуға мәжбүр. Бетпердесіз шығу мүмкін емес. Айта өтейін, құмды дауыл Ирак тұрғындары үшін үйреншікті құбылыс. Бірақ кейінгі уақытта ол жиілеп кеткен. Осыған қатысты мамандар қатты алаңдаушылық білдіріп отыр. Өйткені елде жауын-шашын азайып кеткен.

Ал Жапонияның Айти префектурасында толассыз жаңбыр жауып, жолдарды су шайып кетті. Нөсер демалыс күндері тоқтамай жауған. Соның кесірінен өңірде көлік қозғалысы іркілді. Пойыз қатынасы уақытша тоқтады. 7 үй жарықсыз отыр. Қазір апат аймағында қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Естеріңізде болса, бірнеше күн бұрын ғана Жапонияда Мавар тайфуны соққан еді. Сөйтіп 7 префектурада қауіптің 4 деңгейі жарияланды. 300 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бір адам қайтыс болып, екеуі із-түзсіз жоғалып кетті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago