50 жылдай жуынбай, дүниежүзіндегі ең лас адам атанған ирандық тақуа 94 жасында қайтыс болды.
Аму Хаджи Фарс провинциясындағы Дейга ауылында тұрған. Ер адам 60 жылға жуық уақыт не сумен, не сабынмен жуынбаған. Ауыл тұрғындарының сөзінше, осындай ерекше өмір салтын ұстануына жас кезіндегі эмоциялық күйзелістері себеп болған. Басқа мәліметтер бойынша, Хаджи сабын мен судың кесірінен ауырып қалудан қорыққан. Ол барлық ауру тазалықтан болатынын айтқан.
2014 жылы ағылшын тіліндегі Tehran Times басылымына берген сұхбатында ол жайраның етін жақсы көретінін және жерде қазылған апанда тұруды құп көретінін айтқан. Сонымен қатар көршілері тұрғызған лашықта да түнеген.
Аму Хаджи темекіні де көп шеккен. Кейде бірнеше темекені саусағының арасына қыстырып та шеккен. Ұзақ уақыт жуынбағандықтан терісі қарайып, күйе басып кеткен.
Бірде жергілікті тұрғындар тақуаны көлікке отырғызып, өзенге жуындыруға апара жатқан кезде тұрғындар не істейін деп жатқанын түсінген Аму Хаджи көліктен түсіп, қашып кеткен. Дегенмен, бірнеше ай бұрын Аму Хаджи ауылдастарының айтқанына көніп, жуынуға келіскен. Ирандық БАҚ оның денсаулығы тез нашарлай бастағанын хабарлаған еді.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…