Әлемдегі «ең лас адам» қайтыс болды

50 жылдай жуынбай, дүниежүзіндегі ең лас адам атанған ирандық тақуа 94 жасында қайтыс болды.

Аму Хаджи Фарс провинциясындағы Дейга ауылында тұрған. Ер адам 60 жылға жуық уақыт не сумен, не сабынмен жуынбаған. Ауыл тұрғындарының сөзінше, осындай ерекше өмір салтын ұстануына жас кезіндегі эмоциялық күйзелістері себеп болған. Басқа мәліметтер бойынша, Хаджи сабын мен судың кесірінен ауырып қалудан қорыққан. Ол барлық ауру тазалықтан болатынын айтқан.

2014 жылы ағылшын тіліндегі Tehran Times басылымына берген сұхбатында ол жайраның етін жақсы көретінін және жерде қазылған апанда тұруды құп көретінін айтқан. Сонымен қатар көршілері тұрғызған лашықта да түнеген.

Аму Хаджи темекіні де көп шеккен. Кейде бірнеше темекені саусағының арасына қыстырып та шеккен. Ұзақ уақыт жуынбағандықтан терісі қарайып, күйе басып кеткен.

Бірде жергілікті тұрғындар тақуаны көлікке отырғызып, өзенге жуындыруға апара жатқан кезде тұрғындар не істейін деп жатқанын түсінген Аму Хаджи көліктен түсіп, қашып кеткен. Дегенмен, бірнеше ай бұрын Аму Хаджи ауылдастарының айтқанына көніп, жуынуға келіскен. Ирандық БАҚ оның денсаулығы тез нашарлай бастағанын хабарлаған еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago