Categories: Білім

Әлемдегі үздік университеттердің қатарына 5 қазақстандық ЖОО енді

Еуропаның және АҚШ-тың университеттері QS World Rankings 2024 рейтингінде көш бастап тұр, деп хабарлады inform.kz.

Атап айтқанда, QS World University Rankings аясында 2024 жылға арналған әлемдегі үздік университеттердің жыл сайынғы рейтингі жарияланды. Алғашқы ондықтағы орындардың жартысы Еуропаға бұйырды.

Осымен 20 жыл қатарынан өткізіліп отырған бұл бағалау 17,5 миллион ғылыми жұмысқа жасалған талдауды, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен 240 мыңнан астам мұғалім мен жұмыс берушінің пікірлерін ескере отырып жасалған.

Сонымен, АҚШ-тағы Массачусетс технология институты (MIT) 12-жыл қатарынан ең жоғары 100 ұпай жинап, 1-орынды иеленді.

Кембридж университеті (Ұлыбритания) 99,2 ұпаймен 2-орында, ал оның жергілікті қарсыласы Оксфорд университеті 98,9 ұпаймен 3-орын алды.

Рейтингіде 98,3 ұпаймен Гарвард университеті – төртінші, Стэнфорд университеті 98,1 ұпаймен – 5-орында.

Сонымен қатар Швейцарияның жоғары техникалық мектебі, Лондон университеттік колледжі, Эдинбург университеті, Париж ғылым және әдебиет университеті үздіктердің қатарынан көрінді.

Аталған рейтингіге Қазақстан ЖОО-лары да енген:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 230-орында;
  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 355-орында;
  • Satbayev University 481-орында;
  • М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 611-орында;
  • Қазақ ұлттық аграрлық университеті 641-орында.

Беделді рейтингінің жалпы ұпайы 9 көрсеткіш негізінде анықталды. Бұл тұрғыда академиялық бедел, жұмыс берушінің танымалдығы, оқытушылар мен студенттер саны, оқытушылардың жетістігі, шетелдік оқытушылар бойынша көрсеткіш, шетел студенттерінің үлесі, сондай-ақ халықаралық зерттеу бағыты, жұмыспен қамту және тұрақты даму нәтижелері зерттелді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago