Спорт

Әлемдік жаңа рекорд орнатқан Роналду атын тарихта қалдырды

Португалия ұлттық құрамасы мен Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасы ойыншысы Криштиану Роналду жаңа әлемдік рекорд жаңартып, футбол тарихына тағы бір рет өз есімін жазды. Ол ұлттық лигаларда ең көп гол соққан футболшы атанды, деп хабарлайды Мassaget.kz.

Роналду «Әл-Шабаб» командасына қарсы ойында екі бірдей гол соғып, дубль авторы атанды. Нәтижесінде ұлттық лигаларда соққан голдан санын 517-ге жеткізді.

Криштиану жаңа рекордын жасауда әйгілі Йозеф Бицан мен Ференц Пушкаш нәтижелерін басып озды. Бұл екі ойыншы 515 голдан соққан.

Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) бұл рейтингті жасауда жергілікті лигада соққан голдарын есепке алмайды. Сондықтан да бұл тізімге Пеле, Ромарио сынды әйгілі сұрмергендер енбеген.

Футбол тарихында үш футболшы ғана 500 голдан асық соққан. Олар – Роналду, Бицан және Пушкаш. Ал Мессидің еншісінде қазір 496 гол бар.

Сауд Арабиясы клубына ауысқанға дейін Роналду Португалияда «Спортинг», Англияда «Манчестер Юнайтед», Испанияда «Реал», Италияда «Ювентус» клубтарында доп тепті.

Роналду Испания чемпионатында 311 гол, ағылшын премьер-лигасында 103 гол, Италияның А сериясында 81 гол, Сауд Арабиясында 19 гол соғып үлгерді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago