Categories: Қоғам

Әлеуметтік желі қолданушылар саны 4,74 млрд-қа жетті

2022 жылдың үшінші тоқсанындағы Datareportal.com мәліметіне сүйенсек, әлемде әлеуметтік желілер бойынша желі қолданушылар саны 4,74 млрд-қа жетті, деп хабарлайды kapital.kz.

Шын мәнінде, бұл көрсеткіштер жердегі барлық адамдардың 59,3% -на тең.

Әлеуметтік желі пайдаланушылар арасында 13 жастан асқан адамдарды қоса алсаңыз тіпті 75,9%-ды құрайды, яғни төрт адамның үшеуі желіде отырады деген сөз. Әлеуметтік желіні интернетке қол жеткізе алатын адамдардың 93,4% — ы пайдаланады.

Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігін ер адамдар (54%), ал әйелдер сәйкесінше 46%-ды құрайды.

2022 жылдың үшінші тоқсанындағы көрсеткіш бойынша 16 жастан бастап 64 жасқа дейінгі әр адам әлеуметтік желіде күніне орта есеппен 2 сағат 28 минут өткізді (1 минутқа бір жыл бұрынғыдан көп). Әлеуметтік желіде ең көп уақыт өткізетін Нигерия тұрғындары болды. Олар күніне 4 сағат 20 минут телефонда отырады. Одан кейінгі орында Бразилия мен Оңтүстік Африка (3 сағат 44 минут), Филиппин (3 сағат 42 минут), Колумбия (3 сағат 35 минут). Әлеуметтік желілерде ең аз уақыт өткізетін жапониялықтар (күніне 49 минут), сондай-ақ Оңтүстік Корея тұрғындары(1 сағат 11 минут) және австриялықтар (1 сағат 30 минут).

Көптеген адамдар әлеуметтік желіні туыстары, достарымен сөйлесу үшін пайдаланады. Олардың үлесі 47%. Ал, 35,4% адамдар бос уақытты толтыру үшін пайдаланса, 34,6% өзіне керек білім алып, жаңалық оқиды. Адамдардың 28,7%  әлеуметтік желі арқылы әлемде не болып жатқанын түсінгісі келеді. Пайдаланушылардың тағы 27% — ы әлеуметтік желілерден шабыт пен жаңа дүние іздейді, 26,2% — әртүрлі тауарларды іздейді және сатып алуды көздейді.

Жоғарыда көрсетілген есептеулер тек интернет қолданушыларының санына байланысты шығарылған.

Әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі — Facebook: 2,9 млрд пайдаланушысы бар. Одан кейін Youtube және WhatsApp. Аталған желілерді 2,5 миллиард және 2 миллиард адам қолданады.

Көшбасшылардың бестігіне Instagram (1,4 миллиард қолданушы) және WeChat (1,3 миллиард қолданушы) кіреді.

Ең көп сұранысқа ие тізімде Tik Tok, Facebook, Messenger, Telegram, Қытай Douyin, Kuaishou, Sina Weibo және басқалары болды. Сонымен қатар, белсенді пайдаланушылардың ең сүйікті желісі WhatsApp қосымшасы болды.

Егер пайдаланушылардың күнделікті уақытының ең көп бөлігін алатын желілерді қарасаңыз YouTube көшбасшылық етеді. Орта есеппен айына 23,4 сағат. TikTok-та пайдаланушылар айына 22,9 сағат, Facebook — 19,7 сағат, WhatsApp — 17,3 сағат, Instagram — 11,7 сағат, Line — 11 сағат, Twitter — 5,5 сағат, Telegram — 4 сағат, Facebook Messenger және Snapchat-тың үлесіне 3,1 сағат тиесілі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago