Руханият

Әлихан Бөкейхан қыз балаларды 13 жасында тұрмысқа берумен күрескен

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханұлы 1914 жылы «Қазақ» газетіне «Мұсылман сиезі» атты мақала жариялап, 13 жасар қыздарды ерте тұрмысқа беруді заңдастарға әрекет жасауды, «қыз баланы тұмақпен ұрғанда құламаса, оның балиғат жасқа жеткені» деп үкім шығарып жүрген молдаларды сынап жазған. «Адырна» порталы Әлихан Бөкейханұлының мақаласын толық жариялап, қоғам қайраткері тағы қандай мәселелерді көтергенін жазған.

Әлихан Бөкейханов ең алдымен діни мекемелерде қазақ тілі емес, татар тілі қолданылсын деген заңға қарсы шыққан.

Мұсылман сиезі қараған закон жобасында жазылған екен, рухани мекемелерде қағаз татарша тілмен жазылсын деп. Бұл біздің қазақ жұртына ыңғайсыз екені көзге көрініп тұр. Түрік затты халықта біздің қазақтай бір жерде тізе қосып қалың отырған іргелі ел жоқ. Біздің тілді біздің қазақ жерін араламаған мұсылман бауырларымыз қайдан білсін, біз кітап жазып, журнал-газет шығара бастағанымыз осы 3-4 жылдың ғана арасында. Анық түрік затты халық тілі біздің қазақта… 

Абай, Шәкәрім, Міржақып, Мағжандай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған 5 миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады (Бұл жоғарыда жазылған ақын сөздері сиезде сөйленген жоқ).

Біздің қазақ осы тілін тастап, татарға міңгескені адасқандық болар, біз, қазақ татар тіліне шорқақпыз, татар тілі деген тіл тағы біреу емес. Кавказ, Қырым ауылындағы татарды Қазан татарымен сөйлестірсе, бірін-бірі ұға ма, жұртқа ыңғайлы болу үшін рухани мекеме қағазы әр облыста әр жұрттың өз тілімен жазылсын дедік Жиһанша екеуміз. Қағаз тілі бір болса, мұсылман бірігуіне жақсы, законда татар тілі болсын деп көріне сөйлеген қазірет Хұсайын, өзге хазіреттер де Хұсайын пікірін қабылдайтын көрінеді. Бақытжан ағамыз қазақта тіл жоқ деді. Көп таластан кейін сиез рухани мекеме қағазы «татар-түрік» тілімен жазылсын деді. Біз қазақ тілі законға жазылсын деп қарыса алмадық, бүктемеде қалатын қалатын болған соң. Жығылатын болған соң «Түрік» дегеннің ішінде кірдік қой деп тоқтадық. Түбінде біздің қазақ тілі бізбен тұқымы бір өзге мұсылманды байытпаса, біз біреуге қоңсы қонбаймыз ғой. Ғұмыр жүзінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар. Абай, Ахмет, Шәкәрім, Тарғыннан һәм өзгелерден бұл көрініп тұр ғой, — деп жазған Әлихан Бөкейханов.

Бұдан кейін ол заң жобасындағы «әйел 13 жасқа толса, некеге шарт болсын» деген ережеге қарсы шыққан.

Талғат, доктор Хұсайынбек Ағаев 13 жаста адам баласы өсіп жетілмейді, бала көтеруге жарамайды, 13 жаста қыздың күйеуге тиюі үлкен зиян, 13 жаста ақыл да тола ма, 13-тегі бала не шаруа басқарады, законда неке шарты 16 жас болсын деді. Талғат һәм Хұсайынбекпен ақсақал хазіреттер көп тартысты, 13 жас шариғатқа дұрыс, 16  болса шариғат бұзылады деп. Депутат Жағыпаров айтты: Кавказда әйел баланы бөрікпен ұрып, жығылмаса, неке қиып алады, бұ да шариғат болғаны ма? Ақырында Ғұмыр құдіреті хазіреттерді бүктеп, законда неке шартына әйел жасы 16, ер жасы 18 болып жазылды.

Муфтиге қандай өнерлі кісі лайық деп сөз болғанда, муфти орнына сайлау шарты мынау болсын: дін туралы кітап жазып, кітабын сынға алып, бәйге алған ғана кісі сайлансын, мына Европа университеті ғұламасының жолы сияқты деп едім. Маған жалғыз Мосы әпенді қосылды. Біз бүктемеде қалдық.

Сералы Латин рухани кісілер атқаратын билік туралы сиез алдына закон жобасын тартқан еді, бұл жоба бүктемеде қалғандай болып, закон жобасын қарайтын кісілер қолына тапсырады. Сералы закон жобасын мұнда жазуға уақытша қалам мүжіліп тұр. Жиһанша біздің мұсылман рухани істері ішкі министрден тысқары, суд министрі икемінде болсын деп еді, бұ да бүктемеде қалды, — делінген мақалада.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago