Премьер-министр Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен күріш нарығындағы жағдай қалай екенін сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қазір кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында күрішке қатысты әртүрлі мәлімет тарап жатыр. Осыған байланысты күріш нарығындағы жағдай қандай?», — деді Смайылов үкімет отырысында.
Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, күріш нарығындағы жағдай тұрақты. Ішкі нарықтағы ақ күріштің қоры 257 мың тонна деп бағаланып отыр.
Қазақстанда жылдық тұтыну 97 мың тонна. Яғни желтоқсаннан бастап ендігі жылы күріш өнімін жинау кезеңіне дейін он айдың ішінде тұтыну көлемі – 80 мың тонна. Яғни қазір өзімізде бар қор сол тұтыну көлемінен үш есе артып отыр,
деді ауыл шаруашылығы министрі.
Оның айтуынша, тоғыз айдың қорытындысы бойынша шет елдерге 70 мың тонна күріш экспортталған.
Оның басым бөлігі, яғни 40 мың тоннасы ұнтақталған. Сол ұнтақталған күріштің 80 пайызын Ресей бізден импорттайды, сыра өндірісіне пайдаланады. Сол себепті біздің шкі нарықтағы қазір бар күріш жеткілікті. Экспортқа шығаруға да жағдайымыз бар,
деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ Қарашөкеев күріштің бағасына тоқталды.
«Бүгінгі таңда өндіруші зауыттарда күріштің бір келісі 256 теңге болды, көтерме баға 340-390 теңге шамасында. Күріш тапшылығының қалыптасу тәуекелі өте төмен. Күріш өндіретін өңірлерде қажеттілік болса, зауыттар да, тауар өндірушілер де өңірлерге қосымша күріш жеткізе алады», — деді ол.
«Яғни ішкі нарық күрішпен толығымен қамтамасыз етіледі. Алаңдауға еш негіз жоқ деген сөз бе?», деген премьердің сұрағына «Дәл солай» деп сендірді Қарашөкеев.
Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Ресей Қазақстаннан жаппай күріш әкетіп жатыр деген ақпарат тарады. Қазақстанның қант, тамақ және өңдеуші өнеркәсіп қауымдастығының президенті Айжан Наурызғалиеваның айтуынша, Ресейдің күріш саласындағы жағдай мәз емес.
Қазір көрші ел жаппай қазақстандық күрішті сатып алып жатыр. Ал отандық өнімді сыртқа шектеусіз шығару көп ұзамай күріш тапшылығына әкелуі мүмкін, деп ескертті сарапшы.
Айта кетсек, Ресей осы жылдың соңына дейін өз күрішін экспорттауға тыйым салған болатын. Мамандардың болжамынша, көрші ел бұл тыйымды тағы жарты жылға ұзартады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…