Categories: Саясат

Әлихан Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалды

Жаңадан құрылатын үкіметті 50 жастағы Әлихан Смайылов басқарады.

29 наурызда президент парламент палаталарының бірлескен отырысында премьер-министр кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынатынын, жауапкершілік те сол партияға жүктелетінін мәлімдеген болатын. Amanat партиясы көп ойланған жоқ. Бүгін мәжіліс спикері, партия төрағасы Ерлан Қошанов Тоқаевтың қабылдауында болды. Аманаттықтар үкімет басшысы лауазымына Әлихан Смайыловты лайық көрген.

Осыдан кейін мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен талқылады. Парламенттің төменгі палата депутаттары Смайыловтың кандидатурасын қолдап дауыс берді.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев оппозиция премьер-министр кандидатурасына қарсы екенін мәлімдеді.

Осылайша, дауыс бергендердің ішінен оның кандидатурасын 82 депутат дауыс берді. 7 депутат қарсы болса, 8 депутат дауыс беруден шет қалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Асханұлы Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

“Жаңа ғана фракция жетекшілерімен кездестім. Ортақ мәмілеге келдік. Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынамын. Білікті әрі тәжірибелі адам, еңбекқор адам. Үкімет алдындағы міндеттерді жақсы біледі. Жаңа үкіметтің тізгінін сеніп тапсыруға болады деп санаймын”, – деді Тоқаев.

Айта кетсек, Әлихан Смайылов министрлер кабинетін былтырдан бері басқарып келеді.

Еске салсақ, кеше президент жарлығымен үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды. Министрлер кабинеті үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.

Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы 18 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, мамандығы: қолданбалы математика. ҚР Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын аяқтаған, мамандығы: мемлекеттік басқару.

Еңбек жолын 1993 жылы «А-Инвест» Инвестициялық-жекешелендіру қорында бастады.

  • 1995 жылдың желтоқсаны — 1996 жылдың тамызы аралығында – Алматы қаласы әкімшілігінің Сауда және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы;
  • 1994 жылдың маусымы — 1996 жылдың мамыры аралығында — ҚР Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтының студенті;
  • 1996 жылдың тамызы — 1998 жылдың наурызы аралығында – ҚР Ұлттық статистика агенттігінде басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы;
  • 1998 жылдың наурызы — 1998 жылдың сәуірі аралығында — ҚР Статистикалық жоспарлау және реформа жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары;
  • 1998 жылдың сәуірі — 1999 жылдың қарашасы аралығында – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
  • 1999 жылдың қарашасы — 2003 жылдың ақпаны аралығында – ҚР Статиститка агенттігінің төрағасы;
  • 2003 жылдың ақпаны — 2003 жылдың маусымы аралығында – ҚР Сыртқы істер министрлігінің вице-министрі;
  • 2003 жылдың маусымы — 2006 жылдың қаңтары аралығында – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы;
  • 2006 жылдың ақпаны — 2007 жылдың қаңтары аралығында – ҚР Қаржы вице-министрі;
  • 2007 жылдың қаңтары — 2008 жылдың қарашасы аралығында — «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті;
  • 2008 жылдың қарашасы — 2009 жылдың қазаны аралығында — ҚР Қаржы вице-министрі;
  • 2009 жылдың қазанынан бастап 2014 жылдың тамызы аралығында – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы;
  • 2014 жылдың тамызы — 2015 жылдың желтоқсаны аралығында — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы;
  • 2015 жылдың желтоқсаны — 2018 жылдың қыркүйегі аралығында — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
  • 2018 жылдың қыркүйегінен – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.
  • 2019 жылдың ақпанынан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары — ҚР Қаржы министрі.

Үйленген, екі баласы бар.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен, «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» II дәрежелі медальдарымен марапатталған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago