Categories: Руханият

«Өлім жазасы» туралы не білеміз?

Әлемде ең көп дау тудырып келе жатқан мәселенің бірі – өлім жазасы. Көптеген елде жазаның ең ауыр бұл түрі алынып тасталды. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Біздің еліміз 2003 жылдың 17 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен өлім жазасына мораторий енгізді.

Өлім жазасы Хаммурапи кодексінен шыққан деп айтылады, б.э.д. 17 ғасыр. Онда Талион заңы және оның әйгілі «көзге көз, тіске тіс» сөз тіркесі жасалған. Алайда, өлім жазасы адамзатта ежелгі уақыттан бері бар. Термин латын тілінен шыққан poena mortis. Ежелгі Римде соттан гөрі діни тұрғыдан қолданылған жаза.

Ертеде өлім жазасының түрлері тіптен көп болған. Мәселен, бірқатар елдерде айыпкерді қайнап тұрған суға салып өлтірген. Кейбір жерлерде жазаны орындаушылар халықты жинап алып, қылмыскерді отқа қақтаған. Сол сияқты күнәһарды жыртқыштардың талауына тастап өлтіру деректері де көп кездеседі. Тағы бір елдерде қылмыскерді тірідей көрге көміп тастайтын көрінеді. «Шайтанның желі» деп аталатын жаза түрі де болған. Бұл жазаға кесілгендерді зеңбірекке байлап қойып атқан.

аяқ-қолын жұлу. 15 ғасыр.
Кісі өлтірген Уильям Кеммлердің электр орындығы, 1980 жыл.
Рыцарь сэр Уильям Уоллес, 1305 жыл.

Ең танымал жағдайлардың бірі — Сократтың ісі, ол сол кезде әйгілі «Емтихансыз өмір сүруге тұрарлық емес» деген сөйлемді айтқан. Сондай-ақ, белгілі бір айқышқа шегелеуді қосу керек, бұл әдіс осы жазаны біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда XII кесте заңында қолданған.

ХІХ-ХХ ғасырларда әлемнің бірқатар елдерінде өлім жазасынан бас тартудың алғашқы қадамдары жасалды. Алысқа бармай-ақ, солтүстіктегі көршіміз Ресейдің тарихына үңілсек, Елизавета патшайым мен ІІ Екатеринаның өлім жазасын мейлінше шектеуге тырысқандарын көреміз. Дегенмен кейінірек революциялық қозғалыстар мен азаматтық соғыс, сталиндік қудалау бұл үрдісті бұзды. 1917 жылы революциядан соң өлім жазасы бірнеше рет алынып тасталды, бірақ сайып келгенде, ол қалпына келтірілді.

Өлім жазасының қажеттігі туралы ең алғашқы теоретикалық тұжырымдама 1764 жылы итальян заңгері әрі ағартушысы Ч. Беккарианың «Қылмыстар мен жазалар туралы» деген еңбегінде кеңінен көрініс тапты. Ал өлім жазасына қарсы шыққандардың арасында Вольтер, Гегель, Милль және Монтескье сынды алыптар болды. Беккариа бастаған топтың пайымынша, өлім жазасын қолдану мен оның аясын кеңейту барысында қылмыстар саны азаяды.

Бертін келе өлім жазасына балама ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы пайда болды. Дегенмен кейбір қылмыскерлер өмір бойы түрмеде жатқаннан гөрі өлім жазасын дұрыс санайды.

Көптеген елдердің әлі күнге дейін өлім жазасын қолдануына қоғамдық пікір әсер еткен. Иә, әлемнің бірқатар елдерінің тұрғындары әлеуметтік сауалнамалар арқылы өлім жазасын қолдаған.

Бұл мәселе Біріккен Ұлттар Ұйымының назарынан тыс қалып көрген емес. Әрине, қанша құзырлы болса да бұл ұйым мемлекеттердің ішкі шаруасына көп жағдайда араласа алмайды. Әйтсе де, ол әлемдік қауымдастықтың атынан өлім жазасын қолдану барысында мынандай шектеулердің болғанын өтінген болатын:

1) өлім жазасы ең ауыр саналады, сондықтан оған қатысты аса ауыр қылмыстар тізімі қысқаруға тиіс. Бұл ретте «адам өліміне абайсызда әкеп соқтырған қылмыстар» тізімнен шығарылуы керек.

2) өлім жазасына 18-ге толмаған және 70-тен асқан адамдар тартылмауға тиіс.

3) емшек жасындағы сәбиі бар аналар мен жүкті әйелдер де өлім жазасынан босатылуға тиіс.

4) өлім жазасымен байланысты істерде айыпталуышының құқығы жиі бұзылатындықтан БҰҰ барлық заңдылықтардың сақталуын талап етеді. Бұл жерде айыпталушының істің ашық тыңдалуына, аппеляцияға, рақымшылық сұрауға деген құқығы болуы тиіс.

Жазаның осы түрін ең көп қолданатын мемлекет – Қытай болып отыр. 2009 жылға дейін қытайлықтар аса ауыр қылмыскерді атып өлтіріп келсе, кейінірек инъекцияға жүгінді.

Зерттеушілердің пікірінше, әлемде өлім жазасының негізгі жеті түрі бар:

  • ату,
  • дарға асу,
  • таспен ұрып өлтіру (кейбір мұсылман мемлекеттерінде әлі күнге дейін кездеседі),
  • дәрі салып өлтіру (АҚШ, Филиппин, Таиланд, Қытай),
  • электр орындығына отырғызу (АҚШ), басын шауып тастау,
  • газ камерасын қолдану.

Атып өлтіруден бас тартқандар көп. Дегенмен Еуропа аумағында жалғыз Белоруссия осы әдісті әлі қолданып келеді. Сол сияқты Солтүстік Корея мемлекеті де аса қауіпті қылмыскерді атып немесе дарға асып өлтіргенді жөн санайды екен.

Жапония, Иран, Ирак, Ауғанстан және Солтүстік Кореяда қылмыскерді дарға асып өлтіру заң бойынша бекітілген. Ал айыптының басын алу оқиғалары Сауд Арабиясында, Йеменде, Катарда жиі қолданылады. Иракқа американ әскері басып кірген тұста да шариғат заңы бойынша қылмыскердің басын шабу фактілері жиі тіркелген. Сауд Арабиясында күнәға батқан әйелдерді таспен атып өлтіреді. Егер осы жазалау үрдісі барысында әлгі бейбақ тірі қалып қойса, қайтара жазалауға жол берілмейді екен.

10 қазан сайын Дүниежүзілік өлім жазасына қарсы күн. Сондықтан жыл сайын сол күні аталған жазаны қалай жоюға арналған тақырып өткізіледі.

Екінші дүниежүзілік соғыстан бастап өлім жазасын алып тастау үрдісі кең етек алды. Ең бірінші болып өлім жазасынан бас тартқан еуропалық елдердің қатарында Ұлыбритания бар. Бұл ел сонау 1969 жылы-ақ қылмыстық заңдарына өзгеріс енгізіп, өлім жазасын өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырыпты. Германия мемлекеті 1987 жылы осындай қадамға барса, Франция тек 2007 жылы өлім жазасына мораторий енгізіпті.

Ресейліктер де 1997 жылы өлім жазасынан бас тартты. Елдің түрмелері қылмыскерлерге толы болғанымен, ресми Мәскеу мораторий жариялауға мәжбүр болды. Ең соңғы рет бұл елде өлім жазасы «Фишер» деген лақап атпен көпке таныс Сергей Головкинге қатысты қолданылды. Мәскеудің айналасында бірнеше жас баланы зорлап, өлтіріп келген қаскүнем осылайша тарихта қалды.

Еуропадағы өлім жазасынан бас тартпаған жалғыз ел – Белоруссия дедік. Александр Лукашенко басқарып отырған мемлекет «геноцид», «соғыс ұйымдастыру», «лаңкестік әрекет», «Отанға опасыздық жасау», т.б қылмыстар үшін жазаның ең ауыр түрін қолданып келеді. Біздегі бар мәліметтер бойынша белорустар соңғы рет Дмитрий Коновалов пен Влад Ковалев деген қос азаматқа ату жазасын қолданды. Бұл екеуі Минск метросында лаңкестік әрекет жасап, соның кесірінен 15 адам қаза тауып, 203 адам жарақат алған болатын.

Бір рет өлім жазасынан бас тартқан соң, оны қайта қалпына келтіру оңайға түспейді екен. Ғалымдар бірнеше рет зерттеу жүргізіп, өлім жазасы қылмыстың азаюына әсер етпейтінін дәлелдеді. Тарихта қателікпен өлім жазасына кесілген жандар туралы дерек өте көп.

Мәселен, 1973 жылы АҚШ-та өлім жазасына кесілген 113 тұтқын қамаудан босатылды. Өйткені олардың кінәсіз екендері анықталған еді. Сол сияқты 1977 жылы АҚШ-та тағы бір өлімге кесілген қылмыскердің жазықсыз екені белгілі болып, ақталды. Осыдан кейін-ақ сол кездегі Иллинойс штатының губернаторы Джордж Райан өлім жазасына мораторий енгізді. Әлі күнге дейін АҚШ-тың кейбір штаттарында жазаның бұл түріне тыйым салынған.

2016 жылы ресми түрде танылған 194 елдің ішінен 102 мемлекет өлім жазасын алып тастап, мүлде жойған.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап 536 өлім жазасы орындалды, соңғысы 2003 жылы тіркелді. Ең жоғары жаза «атып тастау» арқылы жүзеге асырылады. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 24 қыркүйекке дейін елде өлім жазасына мораторий жарияланған. Қазіргі уақытта өлім жазасы жойылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

16 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

17 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago