Фото: kolesa.kz
Отынға қатысты барлық мәселе Шымкент зауыты жөндеуден шыққанда шешіледі.
Өңірдегі жүргізушілер бірнеше күннен бері бекеттерді аралап, жанармай таппай сабылып жүр, дейді kolesa.kz. Түркістан облысында көгілдір отын тек талонмен беріліп жатыр деп хабарлады Otyrar.kz. Ал кей бекеттер 1000 теңгеге шектеу қойған (5 литрден артық бермейді).
Газ бен дизель мүлде жоқ. Болған күннің өзінде лимиті бар. Шымкент пен Түркістан облыстарында тапшылық байқалады,
дейді жүргізушілер.
Жергілікті шенділер наурызда Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен Ақтөбедегі зауыт 10 мың тоннадан астам жанармай әкелу керек болғанын алға тартты. Бірақ Ақтөбеден жеткізу кезінде қиындық болып, Шымкент зауыты жөндеуге жабылған.
«Осы айдың ортасында мұнай өңдейтін зауыт өз жұмысын бастайды, сол кезде газ тапшылығы толық шешіледі. Министрліктің бұйрығы бойынша сәуірде CNPC 2 мың тонна газ жеткізеді, қалғанын „Петро Қазақстан“ береді. Осылайша өңірдегі дизель мәселесіне нүкте қойылады» — деді әкімдік өкілдері.
Ендігі, жүргізушілер дизель мен газды 12 сәуірден кейін Энергетика министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бекітетін жоғарғы бағамен сатып алуға мәжбүр.
Билік басындағылар дизельдің жаңа бағасын айтқаны сол екен, оңтүстікте жағдай одан сайын ушықты. Шымкенттегі зауыттың жөндеу жұмысы Жамбыл мен Алматы облысындағы шиеленіске әкелді десек, бағаның қымбаттауы жығылғанға жұдырық болды. Оңтүстік астанамыздың бекеттерінде де жанармай тапшы.
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…