Categories: Экономика

Лимит! Оңтүстікте бекеттер газды 1000 теңгеге ғана құюда

Отынға қатысты барлық мәселе Шымкент зауыты жөндеуден шыққанда шешіледі.

Өңірдегі жүргізушілер бірнеше күннен бері бекеттерді аралап, жанармай таппай сабылып жүр, дейді kolesa.kz. Түркістан облысында көгілдір отын тек талонмен беріліп жатыр деп хабарлады Otyrar.kz. Ал кей бекеттер 1000 теңгеге шектеу қойған (5 литрден артық бермейді).

Газ бен дизель мүлде жоқ. Болған күннің өзінде лимиті бар. Шымкент пен Түркістан облыстарында тапшылық байқалады, 

дейді жүргізушілер.

Жергілікті шенділер наурызда Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен Ақтөбедегі зауыт 10 мың тоннадан астам жанармай әкелу керек болғанын алға тартты. Бірақ Ақтөбеден жеткізу кезінде қиындық болып, Шымкент зауыты жөндеуге жабылған.

«Осы айдың ортасында мұнай өңдейтін зауыт өз жұмысын бастайды, сол кезде газ тапшылығы толық шешіледі. Министрліктің бұйрығы бойынша сәуірде CNPC 2 мың тонна газ жеткізеді, қалғанын „Петро Қазақстан“ береді. Осылайша өңірдегі дизель мәселесіне нүкте қойылады» — деді әкімдік өкілдері.

Ендігі, жүргізушілер дизель мен газды 12 сәуірден кейін Энергетика министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бекітетін жоғарғы бағамен сатып алуға мәжбүр.

Билік басындағылар дизельдің жаңа бағасын айтқаны сол екен, оңтүстікте жағдай одан сайын ушықты. Шымкенттегі зауыттың жөндеу жұмысы Жамбыл мен Алматы облысындағы шиеленіске әкелді десек, бағаның қымбаттауы жығылғанға жұдырық болды. Оңтүстік астанамыздың бекеттерінде де жанармай тапшы.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago