Categories: Маңызды

Лиз Трассты отставкаға жіберуге не түрткі болды?

Британдық премьер-министр Лиз Трасс отставкаға кетуге өтініш білдірді. Ұлыбритания Еуропалық одақтан шығу туралы шешім қабылдағаннан кейін Ұлыбритания саяси және экономикалық дағдарысқа тап болды, ал Лиз Трасстың келуімен жағдай тіптен ушықты. Трасс құрған үкімет құлдырай бастады, ал басшысының отставкаға кетуі тек уақыт еншісіндегі мәселе болатын.

Бес апта ішінде Трасс екі бас министрден, парламенттік фракция мен сайлаушылардың қолдауынан айырылды. Оның рейтингі 15%-ға әрең жетеді — бұл қазіргі Ұлыбритания тарихындағы кез-келген британдық премьерден төмен. Одан да сорақысы, оның брексит рухындағы реформалар жоспары нарықта қолдау таппады, бұл қаржылық тұрақтылыққа, зейнетақы жүйесіне және жалпы экономикаға қауіп төндірді.

12 жылдан астам уақыт бойы Ұлыбританияны басқарып келе жатқан тори партиясының билігі де шытынай бастады.

Соңғы төрт жылда үш премьер, ал соңғы төрт айда төрт Қаржы министрі ауыстырылды. Мұның өзі хаос, өйткені Қаржы министрлігінің басшысы (канцлер) — премьердің оң қолы, үкіметтің бас министрі. Оларға тіпті үкімет басшысымен көршілес Даунинг-стриттегі резиденция бекітілген.

Соңғы апталардағы оқиғалар мен Лиз Трасстың әрекеттері планетаның ең дамыған жеті елінің ядролық державасын әлеуметтік, саяси және экономикалық күйреу шегіне жеткізді.

Батыл ставка және жедел отставка

Мұның бәрі брексит идеологы Борис Джонсонның көп өтірік айтып, отставкаға кетуге мәжбүр болуынан басталды. Оның орнына партия (халық емес, ереже сондай) Лиз Трассты таңдады.

Трасс Консервативті партияның парламенттік фракциясының оң қанатының қолдауына ие болды, олар қатаң брекситті, экономиканы толық реттеу, салықтар мен әлеуметтік шығындарды азайтуды қолдап келеді.

Трасс өзінің экономикалық жоспарын дәл осы бағытта ұсынды — байларға салынатын салықты азайту, бизнеске салынатын салықтың жоспарланған өсімін жою және Владимир Путиннің Еуропаға қарсы энергетикалық соғысына байланысты жарық пен жылу бағасының өсуіне жауап ретінде халықты қаржылай қолдау.

Трасстың түбегейлі жоспары шамамен төрттен бір триллион фунт стерлингті құрады, бірақ ол да, оның қаржы министрі Квази Квартенг те ақшаны қайдан алатындарын айтқан жоқ. Қарашаның соңында осы туралы толығырақ айтамыз деп уәде берген.

Ұлыбритания экономикасына жеке және басқа адамдардың ақшасын салғандардың арасында дүрбелең басталды. Бюджеті ширек триллион фунт шығыннан тұратын елдің несие берушісі болу перспективасы инвесторларды қорқытты. Трасс пен Квартенгтің жоспары өркендеудің орнына елді күйреуге алып келді және тезірек бірдеңе істеу керек болды.

Трасс бастапқыда барлық шағымдарға назар аудармады, «Бәрін істейміз» деген сарындағы ұрандармен жауап қайтарып жүрді. Алайда бұл көмектеспеді. Құрбандыққа бір адамды беру керек болды, және ол адам — дәл сол Қаржы министрі Квартенг болды. Бірақ бұл да  көмектеспеді.

Баспасөз де, парламент депутаттары да бір апта бойы Трассқа бір сұрақ қойды: неге әлі кетпей жүрсің?

«Біз қателестік»

Бірінші отставкадан кейін оқиғалар тез өрбіді.

Жұмыстан шығарылған Картингтің орнына Джереми Хант тағайындалды, ол жақында премьералық партия жарысында Трассқа қарсы болған. Келе сала ол премьерді орнынан ығыстырып, бағдарламасын толығымен қайта жазып шықты.

Трасстың барлық жариялаған реформалары, қысқаша айтқанда, себетке кетті. Бір салықтарды азайтып, басқаларын көтеруден бас тарту — тіпті халықтың газ бен жарық шоттарына қолдау толығымен немесе ішінара жойылды. Сонымен қатар, Хант Трасстың либертариандық бағытына дәл қарама-қарсы болатын өзгерістерді жоққа шығармады.

Билікке келген премьер-министрдің жариялаған бағдарламасын бірден жоққа шығаратын жағдай британдық демократия тарихында ешқашан болған емес.

Әрине, бұл оппозицияда сұрақ тудырды: премьер өзімен әкелген дүниенің бәрі қоқысқа кетсе, ал үкіметте басты рөлді ол емес, канцлер ойнап жүрген болса, онда неге Трасс отставкаға кетпейді?

Осы мезетте үкіметтің екінші негізгі министрі Суэлла Браверман қызметінен кетті. Ресми —жеке ұялы телефонынан үкіметтің құпия құжатын біреуге бергені үшін. Бірақ отставкаға кету туралы өтінішінен байқалғандай, Трасстың ең жақын идеологиялық жолдастарының өзі суға батып бара жатқан кемеден кетуге асықты.

Бұрынғы Ішкі істер министрі Браверман Трасстың кететін уақыты келді деп ашық айтты және «Біз қателеспедік және бәрі сиқырлы түрде өздігінен түзетіледі деп ойлауға болмайды» деп мәлімдеді.

Жүректерді жаулап алған канцлер

Ұлыбританияда қазір жұмыс өнімділігі төмен, инфляция жылдам өсіп жатыр, бәсекелестер арасындағы өсім өте баяу. Ұлыбритания экономикасының көлемі ковидке дейінгі көрсеткіштен әлі де 0,2%-ға төмен, ал Еуроаймақта — 1,8%-ға жоғары, ал АҚШ өткен қыста толығымен қалпына келді.

Англия Банкінің болжамына сәйкес, алдағы жылы өмір сүру деңгейінің ең үлкен төмендеуі байқалады.

Енді торидің алдында елді өркендеу мен әлеуметтік келісім жолына қайтару міндеті тұр. Қарапайым рецепттер таусылды. Мемлекет күрделі шешімдер қабылдау алдында тұр.

Британдық Resolution Foundation Ғылыми орталығының есептеулеріне сәйкес, ел 1993 жылдан бергі ең үлкен салық өсімінің алдында тұр және бұл соңы емес. Белгіленген мақсаттарға жету үшін мектептерге, ауруханаларға, полицияға, жолдарды жөндеуге, қол жетімді баспанаға және әлеуметтік төлемдерге ондаған миллиард фунт стерлингті қысқартуға тура келеді.

Трасс отставкаға кеткенге дейін жаңа канцлер Хант 31 қазанда шұғыл үнемдеу жоспарын жариялайды деп жоспарланған болатын. Ол кімдер үнемдеу керегін, кімдер аз жеп, аз көмір жағу керегін айтады. Қазір осы қарапайым саясаткердің өзі барлығына салықты төмендетуге және жарқын болашаққа уәде берген Лиз Трасстан әлдеқайда танымал болып тұр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago