Үлкен апат келе жатыр — Ерлан Қарин

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әлемде болып жатқан қақтығыстар туралы пікірін айтты.

Журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында ол ядролық қаруға қатысты сұраққа жауап берді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Мен ұзақ жылдар бойы қауіпсіздік мәселелерімен айналысып келдім. Терроризм мәселесімен айналысып жүрдім. Сол кездерде Ауғанстанға немесе қақтығыс болып жатқан басқа елдерге жиі баратынмын. Ауғанстанның өзіне 5-6 рет барған шығармын. 2016 жыл болатын. Таяу Шығыста, Ауғанстанда, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Ресей мен Украина арасында не болып жатқанын көріп жүрдім. Сол кезде күнделігіме «Әлемге үлкен дағдарыс келе жатыр. Үлкен бір апат келе жатыр» деп жазғанмын. Себебі қарама-қайшылықтар жиналып қалды. Бұл қарама-қайшылықтар үлкен шиеленіске алып келеді.

Бір алып мемлекет кейінгі 10 жылда өзінің әскери бюджетін 76 пайызға өсірген. Қазіргі уақытта әлемдегі әскери шығындардың бюджеті 2 триллионнан асады. Жыл сайын бірнеше пайызға өсіп жатыр. Яғни, алпауыт елдер арасында қарама-қайшылықтар тереңдеп бара жатыр. Біз мұны ескеруіміз керек. Қазақ қоғамына геояси талдау жетпейді. Біз ішкі мәселелермен шектеліп, сыртқы жағдайларды есепке алмаймыз. Біз бәрінен оқшау өмір сүріп жатқан сияқтымыз,  

деді Ерлан Тынымбайұлы.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago