Қоғам

Лотерея сататын терминалдардың қызметі уақытша тоқтады

Қазақстанда лотерея сататын ресми терминалдардың қызметі уақытша тоқтады. Бірақ жалған аппараттар заңсыз жұмысын жалғастыруы мүмкін, деп хабарлады Almaty.tv.

Министрліктің хабарлауынша, электронды лотерея терминалдардың қызметі Қазақстан бойынша уақытша тоқтатылған. Ал дүйім ел лотерея олардың мүлдем тоқтағанын қалайды. Себебі аппараттар тұрған нысанның төңірегі күндіз-түні айқай-шуға айналатын көрінеді. Құмар ойын іздеп келгендердің арасында оқушылар жиі кездеседі.

Бар ақшасын осында салып, суицид жасап жатқандар бар. Бұл жерге үлкен кісілер де келеді. Жабылғанына өте қатты қуанып жүрміз. Бәрі жабылсын!

деді қала тұрғыны Қаламқас Молдашева.

Ал министрліктегілердің айтуынша, 30 қаңтардан бастап уақытша тоқтаған лотерея терминалдары қайта ашылуы мүмкін. Олар қадағалаусыз істеп тұрған аппараттарды анықтау мақсатында шектеу салған.

Осы Lotomatic-тердің жұмысын уақытша тоқтатып, заңсыз істеп жатқан лотерея терминалдарының қызметін тыю – мақсатымыз. Екіншіден, азаматтардың өтініші мен арызына сай Lotomatic-ке қатысты қоғамда қалыптасқан, келеңсіз пікірді бәсеңдету,

деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Әділет Тұрғанбаев.

Құзырлы органдағылар істеп тұрған көк-сары түсті аппараттарды көргендерден чат-ботқа хабар беруді сұрайды.

Статистикаға көз жүгіртсек, былтыр 27 астыртын және 10 онлайн казино, 16 компьютерлік зал мен 9 букмекерлік кеңсе, 6 бизнес-сайты, 4 мыңнан астам сілтеме бұғатталған.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 недели ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago